• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 12:12:16
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 Аймақтар

Жамбылдық жастарға жасалған жағымды жаңалық

Президент жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар

 «Ел ертеңі – жастар». Бүгінде бұл өміршеңдігін жоймайтын қағидатқа айналды. Әрине, мемлекетіміздің келешегі бүгінгі жас буын екені белгілі. Елбасы да  соңғы Жолдауында: «Жастар мен отбасы институтын кешенді қолдау – мемлекеттік саясатының басымдылығына айналуы тиіс. Жастардың барлық санатын қолдауға арналған шараларды толық қамтитын әлеуметтік сатының ауқымды платформасын қалыптастыру керек», - деп  баса айтуы да тектен-тек емес. 

Президент жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауларында жастар саясатын жетілдіру бойынша іргелі тапсырмалар беріп жүргені баршаға мәлім. Себебі жастар қоғамның бір бөлігі ретінде мемлекетте маңызды рөл атқарады. Жастарды жұмыспен қамту мәселесі елімізде басты назардағы екені анық. Сол себепті осы мәселені  жою үшін елімізде «Дипломмен ауылға», «Бизнестің жол картасы», «Жұмыспен қамту-2020», «Әрбір отбасына «7-20-25» бағдарламасы аясында баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру», «Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту» сынды  бағдарламалар қолға алынып, еліміздің түкпір-түкпірінде жүзеге асырылып жатқаны баршаға аян.

Соның дәлелі, биыл Жамбыл облысының әрбір аудандарында, жалынды жастардың кәсіпкерлігін дамыту, олардың бизнес бастамаларын қолдау мақсатында Жастар жылына орай кәсіп бастап, өзінің бағытын тауып табысты болғысы келетін азаматтарға  қолдау көрсетуді қолға алды. Биыл ауылдағы жастардың кәсіпкер­лікпен айналысуына өмірі мен жұмысына қолайлы жағдай жасалмақ.

Иә, ауыл – мемлекеттің тірегі, ұлтжандылық пен рухани күштің қайнар көзі. Жас кәсіпкерлерді қолдау - ел ауқымында тиімділігін көрсеткен, танымал «Бастау» жобасы аясында 42 жасқа 505 мыңнан 21 миллион 210 мың теңге  қайтарымсыз грант және  облыстық бюджеттен 303 миллион теңгеге  (әр жасқа  3 млн-ға дейін) грант бөлінген болатын,  осыған орай жергілікті жерде жобаның мақсаттарын, міндеттерін және қатысу шарттарын түсіндіру аясында Б.Момышұлы ауылы әкімі аппаратының мәжіліс залында «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің ұйымдастыруымен "Жас кәсіпкер" атты Жуалы ауданның 18-29 жас аралығындағы жастарымен кездесуі өтті. Аталған шараға аудан әкімдігі кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Т.Әміралиев, "Жастар ресурстық орталығы" мекемесінің директоры Ж.Мырзалиев, иновация тарту және инвесторларға қызмет көрсету орталығының басшысы Н.Мырзатаев, аудандық кәсіпкерлер палатасының "Бастау" курсы бойынша үйлестіруші маманы Р.Айтбаев, "Жұмыспен қамту орталығы" мекемесінің жастарға арналған қайтарымсыз гранттар бойынша жұмыс жасайтын маманы Е.Сұрамысов және кәсіп ашуға ниетті жастар қатысты. Шарада жастарға арналған қайтарымсыз 3 миллионға дейін гранттар бойынша толыққанды түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, жастар көкейінде жүрген сұрақтарына  жауап берілді.

3 миллион теңгеге  дейінгі  грант бойынша құжаттарды қабылдау  аудандық кәсіпкерлік бөлімінде жалғасын тауып, 6 маусымға дейін уақыт белгіленіп отыр.

42 жасқа 505 мыңнан қайтарымсыз грант бойынша жұмыспен қамту орталығына ағымдағы жылдың қыркүйек айына дейін жүргізілетін болады.

Осылайша жуалылық жастар мемлекеттік қолдаудың шарапатын көріп, қайтарымсыз грантқа қол жеткізуде. Бұл қос қолдап қолдауға тұрарлық тірлік.

Жайдар Азамат

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір