• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Сәуір, 05:27:52
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 Оқиғалар

Сақ болыңыз! Ер адам ұялы телефонын қуаттап жатқан жерінде көз жұмды (фото)

Марқұмның тоқ көзіне қосылған телефон алақанына қысқан күйде жатқанын көрген.

Тайландтың Накхонратчасима провинциясының тұрғыны ұялы телефонын қуаттап жатқан жерінде көз жұмды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Daily Mail басылымынының ақпаратын негізге ала отырып.

Басылымның хабарлауынша, 22 жастағы тайландтық азамат үйінде жалғыз болған. Туыстарының келуін күткен ер адам қуаты азайған телефонын тоқ көзіне қосып, төсегіне жантая бергенінде өліміне әкелген электр тогының соққысын алған.

Оны бірінші болып байқаған туысы марқұмның тоқ көзіне қосылған телефонын алақанына қысқан күйде жатқанын көрген.

Дәрігерлер тайландтық азаматтың туысы келгенге дейін бес сағат бұрын қайтыс болғанын анықтады.

Тайланд

Аударған: Дәурен Сыбанбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір