• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 08:49:19
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 Саясат

"Үш кандидат қатыспаған теледебатты табысты өтті деуге бола ма?": Дәурен Абаев жауап берді

Оның айтуынша, кейбір кандидат дебатты тиімді құрал деп санамауы мүмкін ...

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев «Хабар» арнасындағы «Ашық диалог» бағдарламасында 29 мамырда өткен сайлауалды теледебатқа қатысты пікір білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бағдарлама жүргізушісі министрге «Үш кандидат қатыспаған теледебатты табысты өтті деп есептеуге бола ма?» деген сұрақ қойды.

«Менің ойымша, дебат ойдағыдай өтті, кейбір кандидаттар қатыспаса да, олардың өкілдерімен мәселе болған жоқ. Сенімді өкілдер ретінде жай адамдар келген жоқ, үш партияның жетекшілері келді. Дебатқа қатысудың да ерікті түрде жүргізілетінін ескерген жөн. Кандидаттың атынан сенімді өкілдің дебатқа қатысуы - әлемде бар тәжірибе. Оның себептері де әртүрлі болады. Мәселен, Қасым-Жомарт Тоқаев сияқты кандидат бос болмауы мүмкін. Президент ЕАЭО жоғарғы экономикалық кеңесінің отырысына қатысты», - деп түсіндірді Дәурен Абаев.

Оның айтуынша, кейбір кандидат дебатты тиімді құрал деп санамауы мүмкін және оның бағдарламасы мен саяси салмағы қарсыластарынан асып түсіп жатады. Сондықтан, пікірталасқа түспеуді ұйғарады. Әлемде мұндай тәжірибе көптеп кездеседі.

–Кандидаттардың тікелей эфирге шығып сөйлеуі дебат үшін тиімді болды. Бұл оқиға қоғамдық талқылау жүргізу мен өз ұстанымын қорғай алудың маңызды екенін көрсетті. Мұнда барлық қатысушының нақты тұжырымдалған мәселелер тізімінің болғанын атап өткен жөн, – деді министр.

Еске сала кетсек,  Президенттікке үміткерлер арасында телевизиялық пікірталас өткені белгілі. Онда кандидаттар үш раундта сұрақтарға жауап беріп, өз бағдарламаларын таныстырды. 

Ұсынған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір