• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Тамыз, 06:50:26
Медициналық сақтандыру: Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда

31 Мамыр, 2019 Аймақтар

Жаңаөзен қаласында қант зауыты салынады

Жаңаөзен қаласында қант зауыты салынады

Жаңаөзен қаласында ашылатын қант зауыты, мұнай қалдықтарын тапсыру мен мұнай қалдықтарын тазалау пункті жүздеген жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Жаңаөзен қаласын дамытудың кешенді жоспарында 2019-2025 жылдар аралығындағы қарастырылған іс-шаралардың, инвестициялық жобалардың іске асырылуының нәтижесінде 5 606 жаңа жұмыс орыны құрылып, қаланың жұмыссыздық мәселесі шешілетін болады. Бұл жұмыс орындары орталық мұнай тапсыру пунктін салу, қант зауытын салу, электр энергиясын өндіретін кәсіпорын салу, тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу комбинатының өндірісін кеңейту, «коворкинг» орталығын құру арқылы жүзеге асатын болады. 

Бұл жөнінде өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Жаңаөзен қаласының әкімі Әділбек Дауылбаев мәлімдеді. 

-Құмшекер өндіретін зауыт салу бойынша жеке инвесторлар – 86,6 млн.теңге бөліп отыр. Нәтижесінде 48 адам тұрақты жұмысқа орналасады. Аталған жоба жылдың аяғына дейін іске асады деп күтілуде. 
Орталық мұнай тапсыру пунктін салу бойынша «Тенге ойл газ» ЖШС тарапынан жұмыстар жүргізілуде, құрылыстың 1 кезеңі аяқталуға жақын. Жоба 2020 жылдың аяғына дейін аяқталмақ. Негізгі құрылатын жұмыс орнына 45 адамды тарту жоспарланған. Мазутталған топырақты биологиялық тазарту бойынша «ӨМГ» АҚ қаражаты есебінен 995,0 млн.теңге қарастырылған. «Таза су» ЖШС тарапынан жұмыстар басталып, нәтижесінде 54 азамат жұмысқа жолданды. «Қазақ газ өңдеу зауытын» жаңғырту бойынша «ҚМГ» АҚ-ы қаражатынан барлығы 107,2 млрд.теңге жоспарланды, оның ішінде 2019 жылға – 2,7 млрд.теңге қарастырылды. Нәтижесінде қала тұрғындары үздіксіз тұрақты түрде газбен қамтамасыз етілетін болады. Жаңаөзен қаласындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу комбинатының өндірісін кеңейту бағытында инвесторлармен 130,0 млн.теңгені құрайтын келіссөздер жүргізіліп, осы жылдың аяғында іске асыру көзделіп отыр, - деді қала әкімі. 

Әділбек Құлынтайұлының мәлімдеуінше, «Жаңаөзен халқының әл-ауқатын жақсарта отырып, мұнай-газ саласы кәсіпорындарының тұрақты жұмысын қамтамасыз етуге 693 жұмыс орны құрылады. Сондай-ақ, Жаңаөзен қаласында 350 жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық есебінде тұрған азаматтар еңбекпен қамтылды. Және де бизнес негіздері бойынша жыл басынан бері 46 адам оқытылып, сертификаттарын алды. Осы мақсатта ЖБ-38,5 млн.теңге бөлу жоспарланып отыр. Жаңаөзен қаласының өндірістік алаңын шағын және орта бизнес жобаларымен толтыруды қамтамасыз ету бойынша мүліктік нысанды «Каспий» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясына беру жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда бұл бағытта 37 кәсіпкерден ұсыныс түскен. Құқықтық тәртіпті, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында көшелерде 68 бұрылмалы бейнебақылау камерасын орнату жұмыстары басталып, бағаналар орнатылуда. Бұл мақсатта ЖБ-271,0 млн.теңге бөлінді. Сонымен қатар, тұрғындарды сапалы үздіксіз ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Жаңаөзен қаласындағы су тазарту ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді».

Сонымен қатар, қалаiшiлік, «Мерей» шағынауданының, «Бостандық», «Мұнайлы» шағын аудандарының және Рахат ауылының «Ақсу», «Мерей» шағынаудандарының автомобиль жолдарын салу бойынша 4 жобаны іске асыруға Республикалық бюджет (РБ) -809,8 млн.теңге, жергілікті бюджеттен (ЖБ) -40,0 млн.теңге бөлініп, 2 жоба бойынша конкурстар өткізіліп, мердігер мекемемен келісім-шарт жасақталған.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір