• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 21:26:31
Алматы
+35°

24 Мамыр, 2019 Аймақтар

Жамбылда көлемі 49,0 миллион текшеметрді құрайтын 3 су қоймасы салынады

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасы бойынша облыс аумағындағы

Жамбыл облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің тапсырмасы бойынша облыс аумағындағы суармалы жерлерді ұлғайтудың мүмкіндіктері жан-жақты қарастырылуда. Жамбыл облысының суармалы жер көлемі 1991 жылы 209,1 мың гектарды құраса, 2018 жылы суармалы жердің көлемі 182,4 мың гектарды құрады. Осы алқаптың 93,6 мың гектары нақты суарылған болса,  88,8 мың гектар суармалы жерлеріне су жетіспейтіні анықталды. Сол себептен, ұзындығы 3755 шақырымды құрайтын 485 су шаруашылығы жүйелері, 1903 гидротехникалық құрылымдар республикалық бюджеттен, Еуропалық және Азиялық Даму Банктерінің несиелері арқылы «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін 2017-2021 жылдары дамыту бағдарламасы» аясында бөлінетін 42,1 миллиард теңгеге қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі. «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін 2017-2021 жылдары дамыту бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында облыстың коммуналдық меншігіндегі 283 су шаруашылығы жүйелері (каналдар) 2015-2018 жылдары республикалық меншікке өткізілді. Ал, 2019 жылы облыстың аудандарында қалған 202 коммуналдық меншікте ішкі шаруашылық су жүйелерін республикалық меншікке өткізуді аяқтайды.

  Сонымен қатар, аталған мемлекеттік бағдарлама аясында көлемі 49,0  миллион текшеметрді құрайтын 3 су қоймалар салу жоспарлануда. Олар Қордай ауданындағы Ырғайты өзенінде «Ырғайты» су қоймасы                (19,0 млн.м3,) және Қалғұтты өзенінде «Қалғұтты» су қоймасын (15,0 млн.м3), Байзақ ауданындағы Талас өзенінде «Ақмола» су қоймасын (15,0 млн.м3) салу болып табылады. Жалпы құны 6 миллиард теңгені құрайтын 3 жаңа су қоймалары салынса, пайдаланудағы 34,5 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз ету деңгейі артады. Сонымен қатар, бағдарлама аясында 2,7 миллиард теңгені құрайтын 3 су қоймаларына қайта жаңғырту жұмыстары аяқталса, 29,8 мың гектар суармалы жерді сумен қамтамасыз етуге болады. Олар «Қарақоңыз» су қоймасының (жинау көлемі 8,5 млн.м3 ден 18,5 млн.м3 дейін) суармалы жерлері 6,0 мың гектар, «Тасөткел» су қоймасының (450 млн.м3 ден 620 млн.м3 дейін) су қоймасының суармалы жерлері 20,0 мың гектар, «Ынталы» су қоймасының жөндеу жұмыстары аяқталса 3,8 мың гектар жер  толығымен суғарылады. Сөйтіп, барлығы 64,3 мың гектар суармалы жер сумен қамтамасыз етілетін болады.

  Одан бөлек, «Талас-Аса» КМК механикалық отряды арқылы облыстың коммуналдық меншігіндегі 13 мың гектар суармалы алқаптағы су шаруашылығы жүйелері және сыйымдылығы 1 миллион текшеметрден асатын облыстығы 21 су қоймаларынан шығатын су жүйелері 5 мың гектар суармалы жерлер қалпына келтіріліп, айналымға қосылады. Облыстың бюджетінен қарастырылған қаржыға жаңадан салынатын және қалпына келтірілетін, барлығының сыйымдылығы 17,9 миллион текше метрді құрайтын 20 кіші су қоймалары пайдалануға беріліп, 4 мың гектар суармалы егістік жер айналымға қосылады. Бұрынғы Кеңес одағы ыдыраған кезде жайылымға ауысып кеткен 17,1 мың га суармалы жерлер алдағы 3-4 жылда айналымға қосылады. Одан басқа, қосымша суармалы алқапқа босалқы жерлерден 4,7 мың гектар суармалы алқап қосылып, нәтижесінде жоспар бойынша 2019-2021 жылдар аралығында барлығы 25,8 мың гектар суармалы алқаптар айналымға қосылады. Сөйтіп, облыс бойынша суармалы жерлер 210,6 мың гектарға жеткізілетін болады. «Талас-Аса» КМК кәсіпорнына 2019 жылы жалпы сомасы 234,1 миллион теңгеге ұзындығы 63,2 шақырым 14 каналдарды тазалау, жөндеу және өзендердің жағалауларын нығайту жұмыстарын жүргізуге 6 ауданнан тапсырыстар түскен. Осы жұмыстар атқарылған жағдайда көлемі 8631 гектарды құрайтын суармалы алқап қалпына келтірілетін болады.

Дулат Айтбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір