• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 13:29:53
Алматы
+35°

27 Мамыр, 2019 Аймақтар

Жамбыл өңірінде агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау қарқын алуда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауында «Тиімсіз субсидияларды ауыл шаруашылығы кешені субъектілеріне арналған банк несиелерін арзандатуға қайта бағыттау қажет» деп нақты тапсырма берген болатын. Осы орайда, «Инвестициялық салымдар кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау» бюджеттік бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан республикалық бюджеттен 2018 жылға 1,6 миллиард қаржы бөлініп, 2017 жылы қаржы жетіспеуіне байланысты төленбей қалған 73 агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне 2018 жылға бөлінген республикалық бюджет есебінен 317 миллион теңге субсидия ретінде берілді. Сонымен қатар, 2018 жылы жалпы 4,8 миллиард теңгеге өтінім түсті және республикалық бюджеттен бөлінген 1,6 миллиард қаржы толығымен игеріліп, субсидиялауға өткізілген өтінімдердің көп болуына байланысты қосымша республикалық бюджеттен 2 274,8 миллион теңге қаржы бөлінді. Бүгінгі күнге аталған қаржы толығымен игеріліп, ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне субсидия ретінде берілді.

  Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрілігі мен Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылып, жоғарыда аталған жобаларға 2019 жылы субсидия төлеу мақсатында және жыл сайын субсидиялауға түсетін өтінімдердің көбеюіне байланысты 2019 жылға республикалық бюджеттен 3,8 миллиард теңге көлемінде қаржы қарастырылды. Бұл 2018 жылдың басында бөлінген қаржыдан 2,5 есе артық бөлінді.

  Сонымен қатар, облыс аумағын дамыту бағдарламаларында көзделген техникалардың басым түрлері мен жабдықтарды субсидиялау үшін жергілікті бюджеттен ағымдағы жылға 150 миллион теңге қаржы бөлінді. 2018 жылы 698 шаруа қожалықтарға Кредиттер және технологиялық жабдықтың,ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауға  633 миллион теңге берілді. 2018 жылы жалпы 259 техника мен агрегаттар лизингке алынды. Оның ішінде Қазагроқаржы АҚ Жамбыл облысы бойынша филиалы арқылы 252, аудандағы несие серіктестіктері арқылы 7.

  Ал, 2019 жылы «Кредиттер және технологиялық жабдықтың, ауыл шаруашылығы малын сатып алудың лизингі, сондай-ақ ауыл шаруашылығы техникасының лизингі бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялау» бағдарламасына 1,7 миллиард теңге қаржы бөлінді.

 

Дулат Айтбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір