• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 11:23:32
+35°

26 Мамыр, 2019 Аймақтар

Жамбыл облысында жаңа 515 тұрақты жұмыс орны ашылды

Ағымдағы жылы облыстың агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің инвестициялық салынымдар

Ағымдағы жылы облыстың агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің инвестициялық салынымдар кезінде тартылған инвестиция көлемі бүгінгі күнге 12 миллиард 444,2 миллион теңгені құрады. Осыған орай облыста жаңа 515 тұрақты жұмыс орны ашылды. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу саласында 2018 жылы жүзеге асқан келесі 12 әлеуетті инвестициялық жобалар өңірдің арнайы картасына және Жобалық басқару орталығының бақылауына енді. Іске қосылған жобалар өңделген өнімнің импорттық үлесін алмастыруға, қосылған құны жоғары отандық өнімнің экспорттық әлеуетін 2,5 есеге артыруға мүмкіндік береді.

  Аталған жобалардан бөлек, 2019-2026 жылдары агроөнеркәсіп кешен субъектілерінің инвестициялық салынымдар кезінде көлемі 111,6 миллиард теңгені құрайтын инвестиция тарту көзделуде. 2019 жылы іске асырылатын ірі жобалар аудандарда көптеп саналады. Жуалы ауданында «Гамбург» ЖШС 1200 басқа арналған сүт фермасы. Жоба құны 1,2 миллиард теңге. Жылдық қуаттылығы 4,8 мың тонна сүт. Керекті толық жабдықтар Голландияда жасалған. Қордай ауданында «КazMeat» ЖШС – 8 000 басқа арналған бордақылау алаңы. Жоба құны 1,5 миллиард теңге. Жылдық қуаттылығы 2,5 мың тонна мүйізді ірі қара еті. Сонымен қатар, Жамбыл ауданында орналасқан «Danver-T» 120 гектар жылыжай құрылысы және маусымдық көкөніс өндірісі. Жоба құны 3,1 миллиард теңге. Жылдық қуаттылығы 500 тонна көкөніс. Сонымен қатар, «КазАгро» ҰБХ» АҚ арқылы қаржыландырылатын инвестициялық жобалар аясында 2017 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін жалпы инвестициялық құны 3,7 миллиард теңгенің 3 жобасы Қордай, Меркі және Мойынқұм аудандарында жүзеге асырылуда. 

  Бұдан бөлек, Жамбыл облысында өңдеуші кәсіпорындарды қолдау, өндірісті ұлғайту және жаңа жұмыс орындарын ашу мақсатында республикалық бюджеттен 20 миллиард теңге қарастырылуда. Аталған қаражат жаңа инвестициялық жобаларға өнімнің жаңа түрлерін өндіруге де бөлінетін болады.

Дулат Айтбай

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір