• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 12:17:46
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 NEWS

Елбасы қай жерлерде демалуды жақсы көреді?

Нұрсұлтан Назарбаев демалысын қайда өткізетіні туралы айттып берді

ҚР тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев демалысын қайда өткізетіні туралы айттып берді. Бұл туралы Qamshy.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

“Мен әлемнің барлық мемлекететіне барып, өз өмірімде 200 президентпен кездестім. Әлемнің әдемі әрі көркем орындарында болдым. Бірақ мен Қазақстаннан тіпті демалыс болсада кеткім келмейді. Өйткені, барлығы өзіміздің Қазақстанымызда бар”, - деді Елбасы Назарбаев Университетіндегі түлектердің салтанатты кешінде.

Назарбаев өткен жылы әдейі әртүрлі жерде болғаны туралы мойындады.

“Қазақстандықтар теңіз көру үшін шетелге барады. Ал біз Каспий теңізі бар. Оның жағалауында неше түрлі 5 жұлдызды, 4 жұлдызды қонақ үйлер көп. Бізде Алакөл, Бурабай бар. Алматы облысында таушаңғылық курорттар жеткілікті. Сондықтан біз елеміздің туристтік мүмкіндігімізді дамыту керекпіз”, - деді Елбасы.

Дайындаған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір