• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Сәуір, 04:34:52
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019

Samsung Coding Lab мектебінің үздіктеріне смартфон сыйлады

Студенттердің жұмысын Samsung коммуникациялық компаниясының  IT-шешімдерін әзірлеуге жауапты Cheil Kazakhstan шығармашылық агенттігінің қызметкерлері...

Samsung компаниясы 2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша Алматы Coding Lab бағдарламалық мектебінің үздік өнертапқыштары арасында жеңімпаздарды анықтады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қатысушылар өз жұмыстарын үш бөлім бойынша қорғады: әлеуметтік қосымшалар, ойындар және бағдарламалау. Барлығы 14 жоба таныстырылды.

самсунг

Жеңімпаздар: Ерік Серікбай – көмекке мұқтаж жандарды оңай табуға көмектесетін  Komek қосымшасы, (әлеуметтік қосымша); Дмитрий Павлов - Dig & Run (ойындар); Денис Мотин  - тагаль тілінің сөздігі (бағдарламалау). Олардың әрқайсысына сыйлыққа Galaxy A50 смартфондары берілді.

Қатысушылар жасаған жобалардың арасында адамдардың өмірін жақсартуға арналған қосымшалар өте көп. Мысалы, қосымшалар арқылы дүкендердің бағаларын салыстыра аласың, шетел тілін тез меңгеруге болады, ҰБТ-ға тиімді дайындалуға болады, электронды кітаптар оқи аласың.

Студенттердің жұмысын Samsung коммуникациялық компаниясының  IT-шешімдерін әзірлеуге жауапты Cheil Kazakhstan шығармашылық агенттігінің қызметкерлері бағалады. Басты талап – техникалық орындау шеберлігі, интерфейс және ыңғайлылық.

самсунг

Осылайша, жоғарғы сынып оқушылары үшін 2017 жылы тегін Coding Lab бағдарламалау мектебін ашқан Samsung компаниясы 2018-2019 жылға арналған кезекті тоғыз айлық оқу жобасын аяқтады.

Coding Lab – бағдарламалауды үйреніп, сұранысқа ие маман болып шығуға мүмкіндік береді. Бұл жерден Java тілінде бағдарламалау, Android платформасында қосымша әзірлеу, Java тілінің құрылымы мен деректерін бағдарламалау, мобильді қосымшалардың  серверлік бөлігін дамыту негіздері, компьютерлік графика негіздері және дизайны сынды көптеген керекті мағлұматтарды үйренуге болады.

Coding Lab білім беру орталығында орта мектептердің және колледждердің 14 жастан 18 жасқа дейінгі кез келген оқушысы оқи алады. Оқу мерзімі қыркүйектен басталып мамыр айына дейін жалғасады. Оқу аптасына екі рет 110 минуттан Samsung компаниясының Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Инновациялық академиясында өтеді. Жобаға қатысушы барлық ұстаздар – жоғары білікті мамандар. Оқудың толық курсынан өткен оқушы арнайы сертификат алып шығады. Жобаға іріктеу курс аяқталғанша жүреді.

Дайындаған: Маржан Сәбет

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір