• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 15:33:52
Алматы
+35°

28 Мамыр, 2019 Аймақтар

Жамбылдықтардың жүрек жылуы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысында қайырымдылық шараларына да баса мән беріліп, тұрмы

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жамбыл облысында қайырымдылық шараларына да баса мән беріліп, тұрмысы төмен отасыларға көмек көрсетілуде. Бұл іске жергілікті жердегі іскер азаматтар да өз үлестерін қосып жатыр. Мысалы,  «Ғылыми-клиникалық кардиохирургия  және трансплантология орталығының» басшысы Сейітхан Жошыбаев 7 638  миллион теңгеге 3 800 тұрғынды тегін дәрігерлік тексеруден өткізсе, «Жасұлан и К» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Ж. Омарова  аз қамтамасыз етілген бір отбасының  баласының жоғары оқу орындағы 5 жылдық оқу ақысын төлеп берді.

-Біздің арамызда мұқтаж жандарға қолұшын созып, көмек көрсетіп тұратын нағыз азаматтардың бары, әрине, қуантатыны сөзсіз. Осыған орай, игі істердің басында жүрген азаматтар былтыр тамыз айында қалалық мәдениет үйінде «Жомарт жүрек» сыйлығының лауреаты атанып, салтанатты жағдайда марапаталды.  Осы жиында «Батыл жүрек» аталымын қалалық ішкі істер департаментінің жергілікті полиция қызметінің жол қауіпсіздігі полициясының аға лейтенанты Самат Алашев, әлеуметтік маңызы бар, қайырымдылық жобаларды және акцияларды тиімді жүзеге асырғаны үшін, қайырымдылық көмек берудің жаңа тиімді түрлерін енгізген, қоғамдық маңызы бар шараларға бас демеушілік жасаған «Мүгедек жастар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Төлегенов «Жылдың үздік ұйымы» аталымын иеленді. Белсенді азаматтық ұстанымы, әртүрлі бағыттағы кең ауқымды қайырымдылық қызметті жүзеге асырғаны үшін  «Жыл тұлғасы» аталымының сыйлығы «Логитех» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Антон Скрамовскийге табысталды. Ол «Қауіпсіз мектеп» пилоттық жобасы бойынша  А. Пушкин атындағы № 41 көпсалалық гимназиясына 4 миллион 436 мың теңгеге  4 турникет орнатып берген болатын,-дейді Тараз қаласының әкімі Қайрат Досаев.

Былтыр «Достық» үйінде Тараз қаласы және Түркістан облысы кәсіпкерлерінің қатысуымен «Тараздың түрленуі» атты іскерлік-әріптестік форум өткені белгілі. Ауқымды жобалар аясында мәдени-іскерлік орталық пен «Шахристан», «Көне Тараз», Тектұрмас кешендерінің таныстырылымы өтті. Сондай-ақ, коммерциялық нысандардың құрылысын жүргізуге ниет білдірген кәсіпкерлер 800 миллион теңгеге  меморандумына қол қойды.

Бақыт Жалғас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір