• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 13:59:57
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 Аймақтар

Жамбылда «Өлкетану» музейінің құрылысы басталмақ

«Туған жер» жобасының тигізіп жатқан шарапаты мол.

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Әулиеата өңірінде ауыз толтырып айтарлықтай ауқымды жобалар жандануда. Әсіресе, «Туған жер» жобасының тигізіп жатқан шарапаты мол.

 -«Отан отбасынан басталады» дейді дана халқымыз. Яғни, Отанды сүюдің іргетасы алдымен туған жерге, кіндік қаның тамған жерге деген сүйіспеншіліктен қаланады. Әр адамның өзінің шығу тегі мен тамыры тереңге жайылған туған өлкесі бар. Міне, осы негізде бағдарламаның «Туған жер» жобасының «Атамекен» кіші бағдарламасы бар.

Қазақ әр уақытта барын жақсылыққа, қуанышқа шашуды жақсы көретін, қаны тектілікте жатқан халықпыз ғой. Сол себепті бұл бағыттың жақсы дамып келе жатқанын қуанышпен айтуға болады. Зиялылықтың бірінші шарты адамның туған жерге, халыққа және ұлт болашағына деген шынайы жанашырлығынан бастау алмақ,- «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» мекемесі қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Асхат Олжабай.

Аталмыш жобаны Әулиеата өңірінде  жүзеге асыруда екі жылдың ішінде бірқатар жұмыстар атқарылған. Жалпы, сомасы 2 миллиард теңге көлемінде 129 жоба, 13 іс-шара ұйымдастырылыпты.

Ал ағымдағы жылы осы уақытқа дейін демеушілік және меценаттық көмектер есебінен 765 миллион теңгеге 29 жоба жүзеге асырылды. Мысалы, Тараз қаласындағы «Атшабар» сквері жаңғыртылып, «Жастар аллеясы» деп қала игілігіне қайта берілді. Қордай, Т.Рысқұлов, Жуалы аудандарында аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға тұрғын үйлер берілсе, Талас ауданында жол абаттандырылып, көшелер жарықтандарылды. Мұның барлығы кәсіпкерлер мен қалталы азаматтардың өз туған жеріне туын тігуі деп есептеуге болады.

 Жыл соңына дейін жалпы сомасы 1,4 миллиард теңге қарастырылған барлығы 29 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласының «Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі» арнайы жобасы аясында озық өнер мен технология үлгілері негізінде музейлер, өнер және мәдениет орталықтарын қазіргі заманғы талапқа сай жүйеге келтіру көзделген. Осы бағытта облыс әкімі Асқар Мырзахметовтің бастамасымен «Шахристан» этно-мәдени кешенінде «Өлкетану» музейі, «Қолөнер шеберлер», «Руханият» орталықтарының құрылысы басталғалы отыр.

Бақыт Жалғас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір