• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 22:30:31
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 Аймақтар

Әулиеатада «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жаңа мекеме пайда болды

Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа тағайындалды.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында Жамбылда жаңа мекеме пайда болды. Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысымен биылғы ақпан айында құрылған «Жамбыл облысының «Рухани жаңғыру» жобалық офисі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрамы толықтай жасақталды.  Ал, оның басшылығына Тараз қалалық мәслихатының депутаты Серікбол Берікқожа тағайындалды.

Мекеме қызметінің мәні қоғамдық сананы жаңғыртумен тығыз байланысты. Ал мақсаты – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Ұлы даланың жеті қыры» жобасының жүзеге асырылуын бақылау. Бағдарламалық мақалалар аясындағы барлық арнайы жобалары бойынша жұмыс жүргізу.

Жалпы, мекеме жаңадан құрылғандықтан алдағы уақытта көптеген іс-шаралар мен жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда. Осы мақсатта жобалық офис басқармалардағы, аудандар мен Тараз қаласы әкімдігіндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыратын жауапты қызметкерлермен, үкіметтік емес ұйымдардың көшбасшыларымен, бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам белсенділерімен кездесулер өткізіліп, жұмысты жүйелеуге, жандандыруға қатысты көптеген ұсыныстар жиналған.

Басты маңызды жобаларға тоқталып өтейін. Алдағы уақытта «Әулиеата үміті» сыйлығын ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Мақсатымыз – жас таланттардың еңбегін бағалау, оларды ынталандыру. Жамбыл жері даңқты да талантты тұлғалардың кіндік қаны тамған жер десек артық емес. Міне, сол азаматтар өзінен кейінгі ұрпаққа сенім білдіре отырып, «Сен осы өңірдің менен кейінгі жарық жұлдызы болуың тиіс» деген ұранмен сыйлықты өз қолымен табыстап, жастарға жігер береді деген сенімдемін. Сонымен қатар облысымыздағы қайырымды жандар мен кәсіпкерлерді ынталандыру мақсатында «Жомарт жүрек» облыстық байқауын ұйымдастыруды да қолға алып отырмыз.

Сондай-ақ, «Қазақстанның сакралды географиясы» жобасы аясында «Жайнаған Жамбылым» атты фотожинақ басып шығару, «Туған жерге туыңды тік!» форумын, «Латын әліпбиі – рухани тұтастық негізі» атты республикалық конференция ұйымдастыру көзделуде.

Облысымыздағы аға буын мен жас толқынның шығармашылық  байланысын нығайту мақсатында ақындардың дуэлін, ұлтық спортты дамыту мақсатында тегін үйірмелер мен іс-шаралар ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. «Ұлы даланың ұлы есімдері» атауымен «Саналы TALKS» интеллектуалды кештерін, «Қоғамдық лекция» әлеуметтік жобасын, «Жамбыл жауһарлары» атауымен облысымыздың тарихи-мәдени кешендері мен табиғатын, көрнекті жерлерін дәріптеу мақсатында облыстық фото көрмені де қолға алсақ деген жоспар бар,-дейді Серікбол Берікқожа.

 Бақыт Жалғас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір