• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 12:50:15
Алматы
+35°

31 Мамыр, 2019 Аймақтар

Гүлденсе ауыл – гүлденеміз бәріміз

«Ауыл – ел бесігі» жобасын іске қосуды тапсырған болатын.

Елбасы Н.Назарбаев 2018 жылғы 5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауында ауылдық аумақтардың әлеуметтік ортасын жаңғырту және ауылдық жерлерде еңбек идеологиясын ілгерілету міндеттерін алға қойып, оған қол жеткізу үшін «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске қосуды тапсырған болатын.

Жоба аясында Жамбыл облысында «Қарқынды бақтар – біздің болашақ» тақырыбымен  елді мекендерде көктемде бақтар отырғызу, күзде жинау акцияларын ұйымдастыруылып, бақтарда «Экологиялық тазалық» акциялары өтетін болады.

Сонымен қатар жоба аясында алдыңғы уақытта ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген үздік шаруа қожалықтарды аудан және облыс көлемінде анықтау мақсатында «Үздік фермер» байқауы мен «100 жаңа фермер» жобасын, «Жыл фермері» республикалық конкурсы, ауыл еңбеккерлеріне мемлекеттік марапаттар мен бірқатар жеңілдіктер енгізу, ауыл тақырыптарында сериал, көркемдік және деректі кинофильмдер шығару жоспарланып отыр.

Бұдан бөлек Жамбыл облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы шаралар да оң нәтижесін беруде. Әсіресе, туризмді дамытуға айрықша назар аударылуда.

Мысалы,  «Ақыртас» сарай кешенінде «Тараз – өткен мен болашақтың түйіскен қаласы» тарихи-өлкетану конференциясы ұйымдастырылды. Конференцияда жасөспірімдер туризмін дамыту перспективалары мен мәселелері пленарлық сессияларда талқыланған. Конференцияға облыстың барлық аудандарынан, Тараз, Алматы, Түркістан қалаларынан, Алматы және Түркістан облыстарынан 100-ге жуық адам қатысты. Сондай-ақ Жуалы ауданы, Берікқара шатқалында «Тюльпан – Жамбыл облысының табиғи мұрасы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Жалпы бағдарлама қойған нақты тапсырмалар жоғары деңгейде іске асуда. Биыл 21 қаңтарда Жамбыл облысының  әкімі Асқар Мырзахметов барлық арнайы жобалар қамтылған салааралық іс-шаралар жоспарын бекіткен. Жоспар бойынша барлығы 83 ірі іс-шаралар ұйымдастырылуы керек. Жүзеге асырылатын іс-шараларға облыстық бюджеттен 304,3 миллион теңге қаражат жұмсау көзделген. Сондай-ақ жоспардан тыс іс-шаралар да тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бақыт Жалғас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір