• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 05:45:15
Алматы
+35°

01 Маусым, 2019 Саясат

ШҚО әкімі: "Қытайға ешқандай жер сатылған жоқ" бірақ, бірақ....

Бұл – қытайлық "Лун Син" деген компания. Бүгінде олар жерді ауыл шаруашылық мақсатқа пайдаланылып жатыр.

ШҚО-ның әкімі Даниял Ахметов облыс аумағынандағы жер дауына қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі  Аltaynews.kz сайтына сілтеме жасап.

Соңғы үш күнде әлеуметтік желілерде, ШҚО аумағындағы ауыл шаруашылығы жерлерінің 2019 жылы Қытайға сатылып кеткені жөнінде ақпарат таралған. Ол ақпараттарда ШҚО аумағындағы Үржар, Күршім, Жарма аудандарындағы жерге қатысты айтылған.

Бүгін, яғни, 31 мамырда облыс әкімі Өскеменде осы мәселеге байланысты брифинг өткізіп, ресми мәлімдеме жасады.

"Қадірменді қауым! Мен әкім ретінде ресми түрде осы аудандарда бір метр де жер қытайлықтарға берілмегенін мәлімдеймін.  Сіздер білесіздер, 2016 жылдың 6 мамырынан бері Қазақстанның бірінші Президентінің Жарлығымен шетелдіктерге және шетелдік үлесі бар заңды тұлғаларға жер сатуға мараторий жарияланған. Сондықтан, мемлекеттік мекемелердегі барлық жұмыстар заң бойынша жүзеге асырылады және оның барлығы қоғам өкілдері мен ақпарат құралдарына ашық, – деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, Ахметов жер участоктеріне мараторий жарияланбай тұрып, 2015 жылы 20 қазанда Бесқарағай ауданында байқау нәтижесі бойынша бір шетелдік компания 14 890 гектар жерді 10 жылға уақытша жалға алғанын да айтты.

"Бұл – қытайлық "Лун Син" деген компания. Бүгінде олар жерді ауыл шаруашылық мақсатқа пайдаланылып жатыр. Бұл – біздің облыстағы жалғыз факт және біз оны бұған дейін жасырған емеспіз", – деп түсіндірді Ахметов.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бірнеше күн бұрын Әлеуметтік желілерде 40 мың гектар жердің шетелдіктерге берілетіні туралы ақпарат тарап халық арасында алуан түрлі пікір айтылған. ШҚО жер қатынастары басқармасының басшысы В. Барсукова да аталмыш ақпараттың жаңсақ екенін және ешқандай шындыққа жанаспайтынын мәлімдеген.

Ұсынған: Мият Кәшібай

Мият Кәшібай

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір