• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

10 Қазан, 21:36:06
Алматы
+8°

01 Маусым, 2019 Ғылым-білім

Тілдегі гибрид (будан) сөздердің жасалуы және жаңа емле ережелеріндегі жазылу үлгілері

Гибрид сөздер құрамында ағылшын тілінен енген сөздер мен жаттілдікпрефиксоидтар көп, мұндай үлгілермен қолданыста жүрген сөздерқатары артуда.

Әр түрлі тілдердің иелері (тұтынушылары,елдер, мемлекеттер) арасындағы экономикалық, саяси және мәдени байланыстардың жолға қойылуы, жаппай компьютерлендіру, ғылым мен техниканың дамуы мен техникалық құралдардың қолжетімді бола бастауы, жалпыға таралуы тілдегі кірме сөздерді көбейтті және сөз тудыру процесінің жандануына әкелді. Сөз тудырудың бір қыры сөз қабылдаумен байланысты, ол сөздерге балама табумен, толығымен болмаса жартылай аударумен, кірме сөздің мән-мағынасын толық жетткізумен байланысты болып келеді.  Өзге тілден сөз алуға-қабылдауға, алмасуға байланысты дүниедегі тілдер донор тілдерге және реципиент тілдерге бөлінеді.

Донор тілдердің бәрі дерлік экспансиялық тілдер, яғни халықаралық мәртебесі зор тілдер. Ондай тілдердің қатарына Қазақстанда барлық қоғамдық салада қызмет етіп отырған және қызмет аясы кеңи бастаған ағылшын және орыс тілдері де жатады. Бұл тілдердің тек қазақ елінде ғана емес, әлемдегі қолданыс аясы кең, өте белсенді, өзге тілдерге ықпалын еркін жүрізіп отырған тілдер, соған орай донор тілдер саналады. Ал олармен қатар өмір сүріп келе жатқан мемлекеттік тіл мәртебесін алған қазақ тілі, негізінен, қабылдаушы яки реципиент тіл. Ал тіл мен әлеуметтік заңдылықтар бойынша реципиент-қабылдаушы тіл донор-тілдің ықпал-әсеріне тез ұшырайды.Тілдің тілге ықпал-әсері,әсердің тілдегі көріністеріәр түрлі және нәтижелерікөрер көзге байқалып тұрады: солардың бірі  – тілдегі гибрид сөздердің пайда болуы, олардың көбеюі, соңында тілде орнығуы. Қазақ тіл білімінде гибрид сөздерді бірде «қоспа», бірде «будан» деген баламамен атап жүр. Біз «гибрид» сөзінің өзін әзірше қалдыра тұрамыз.

Гибридтену  - қазіргі интеграция, яғни жақындасу, араласу барысындағы тіл атаулының бәрінде де көрініс тауып отырған құбылыс. Құбылыс ретінде үнемі күшейіп келе жатқаны да күмән келтірмейді. Интеграциялану процесінен ешқандай тысқары қалмай келе жатқан елдің тілі ретінде қазақ тілі де осы құбылыстың әсеріне шалдыққан. Оның бірнеше себептері бар:а) ғылым мен техникалық жаңалықтардың өзге елдерде ашылуы, көп болуы; ә) тілдері донорлық дәрежеге жеткен  елдерде қоғамдық-саяси өзгерістердің болуы және қоғамдық-саяси жаңалықтардың сол елдердің үлгі-моделіне салынуы, үлгіге алынуы; б)сол елдердің экономикалық басымдығының болуы; в) жазудың және жазудың негізгі қаруы саналатын әдеби тілрөлінің артуы; г) жазудың көмегіне сүйенетін жазба коммуникацияның күшіне енуі.

Гибридтенужазба коммуникацияның тікелей туындысына жатады, тілдегі графоорфографиялық құрылымдардың көбеюі де, жандануы да жазба коммуникация қызметінің күшеюімен байланысты болып келеді. Ал жазу өркениет қанатын кеңге жайған сайын орны мен қызметі өлшеусіз құралдардың негізгісіне айнала береді. Гибридтенумен бірге гибрид сөздер тілдегі қабаты қалың, жасалу жолдары көңіл аударатын құбылысқа айнала бастады.Гибрид сөздердің түп негізі кірмелік, қазіргі тіл білімінде шеттілдік лексиканың ана тіл жүйесіне кірігіп, интеграциялануы ретінде түсіндіріледі.

Қазіргі кезде тек қазақ тілі емес, басқа тілдерде де, оның ішінде  орыс тілінде де шеттілдік элементтердің ішінде ағылшын тілінен енген сөздерге, ағылшын  тілінің сөздік қорынан сөз алуға ерекше көңіл бөлінеді. Ерекше көңіл бөлудің өзіндік себебі жоқ емес. Тілші-ғалымдар ағылшын тілінің сөз қабылдаушы реципиент тілге әсері, олардың таралуы мен көлемінің өсуіне алаңдайды.Алаңдаудыңсебебі -кез келген ұлт үшін туған тілдің тазалығы, тілдің сақталуы, ұлт пен ұлыстың тілі ретінде әрі қарай өмір сүруі, өміршеңдігін жоғалтуы қаупінің күшеюі. Соған орай бұл проблемаға еріксіз көңіл бөлінеді. Ал екініші себебі ағылшын тілінен енген сөздер халықаралық (интернационал) сөздер мәртебесімен кең таралған сөздер. Оның ішінде ағылшын тілінен енген/енетін кірме сөздердің көбі кәсіби лексиканы байытатын салалық сөздер болып келеді. Салалық терминдер ғылым салаларымен байланысты, ал ғылымда шекара жоқ деген қағида қалыптасқан. Сондықтан бұл сөздер - халықаралық қатынастарда жиі қолданылатын,  ғылым мен техникадағы креативті және трендтік, басым бағыттарды нақты әрі тура бегілейтін, сонымен қатар тілдегі бірліктерді ықшамдаудың талаптарына жауап беретін, сол ықшамдауды жүзеге асыруға қолайлы  сөздер. Ағылшын тілі сөздерінің көп болуы мен тез таралуының ең басты себебі: жаңа (супер жаңа) ғылым салаларының осы тілді тұтынатын елдерде (көбінесе АҚШ-та, тіпті техника салалары мен жаратылыстану ғылымдарынан өзге  лингвистикада да американдық фундаментализм кең таралған) пайда  болуымен; осы ғылым салаларына байланысты жиындардағы жұмыс тілінің ағылшын тілі болуымен  түсіндіріледі. Осылайша өзге елдердегі белгілі бір сала терминдері біртіндеп гибрид-терминдермен, гибрид сөздермен толыға береді. Кірме сөздер мен төл тілдік элементтердің араласуынан құрамы (композиттерінің бірі)ағылшын – орыс тілі элементтерінен, ағылшын – орыс  – қазақ тілі немесеағылшын – қазақ тілі элементтерінен құралған гибрид сөздер дүниеге келді. Шеттен сөз қабылдаудың осы қыры қазіргі Қазақстандаүштілділікпен  байланысты өткірлене түсуде. Жазу үлгі-модельдерінің негізгілері:

  1. Кірме түбір + төлтілдік қосымша,

2.Төлтілдік түбір + кірме қосымша.

 Күрделі сөздер құрылымы бойынша:

  1. Кірме түбір + төлтілдік негіз,
  2. Төлтілдік түбір + кірме түбір,
  3. Кірме негіз + кірме түбір.

Ал қазақ тіліндегі модель өзгерістермен ұсынылады, өйткені тілдің агглютинативтілігі өзіндік рөл ойнайды:

  1. Кірме түбір/негіз + төлтілдік аффикс, бұл жерде орыс тіліндегі үлгіні қабылдауға да болады, бірақ қазақ тіліне орыс тілі және орыс тілі арқылы өзге тілдерден енетін сөздердің құрылымы, ерекшеліктері ескерілуі керек. Яғни өзге тілдегі түбір сөз орыс тілінде негізболып балама табуы мүмкін (бірақ оның этимологиясына ешкім де арнайы үңіліп, тексере бермейді), қазақ тіліне негіз түрінде аударылуы мүмкін. Ал түбірі сақталып енетін, бірақ қазақ тілінің төл аффиксін қабылдаған сөздерге американ дану (американизация) – сияқты сөздерді жатқызамыз. Жаһандану сөзі де осы үлгідегі сөз, бірақ түбірі араб сөзі.

Күрделі сөздер құрылымы бойынша:

  1. Кірме түбір/негіз + төлтілдік негіз, мысалы қазақ тіліндегі: вакуум-камера - вакуум-бөлмеше - vacuum chamber дегендегі бөлмеше - негіз, вакуум-корректор - вакуум түзеткіш - vacuum-corrector (түзеткіш негіз). Күрделі сөздерге жатады, себебі келтірілген мысалдар қос сөздер. Жаңа емле ережелерінде осы үлгімен жазылатын сөздерге байланысты мынадай ереже ұсынылған: «§47. Кірме негіздер, аббревиатуралар мен сандардың төл және шет тілінен енген сөздермен қосарланған атаулары, сондай-ақ ýeb, eks сөзалды сыңарларымен келетін сөздер дефис арқылы жазылады: breın-rıng, kofe-breık, market-meıker, shoý-bıznes, tok-shoý, blıs-saýal, feıs-baqylaý, art-kafe, pop-mýzyka; MP4-pleerleri, USB-tasymaldaýshy, SD-karta; VIP-palata, IT-mamandar, PR-menejer».
  2. Төлтілдік түбір/негіз + кірме түбір/негіз:жабық есік форматы,ұлттық валюта, т.б. Біріншіден, орыс тіліндегі үлгідегі сияқты неге түбір ғана емес, негіз де бар, себебі қазақ тілінің агглютинативтіктілік сипатына қарай осы үлгіде түбір де, негіз де болуы мүмкін және түбір күйінде де, негіз түрінде де гибрид сөздер тудыруға қызмет етеді. Айталық, нормалемер – нормаөлшегiш – normaliser (өлшегіш - негіз). Осы үлгі бойынша жабық есік форматы гибридіндегі жабық есіктіркесі (есік - түбір) формат сөзінің анықтауыш композиті, формат сөзімен бірлесіп жаңа ұғымды атап тұр, ал жабық есік тіркесі формат сөзінің  мағынасын ашатын қызметте тұр, бұл екі сөзден тұратын тіркестіңанықтауыштық қызметінен гөрі формат сөзімен тіркесіп білдіретін мағынасы, атауыштық қызметінегізгі, басым қызметіне жатады.  Егер тек жабық есік болса, өзге бір мәнді білдіруге көшеді.Жол картасытөлтілдік түбір мен кірме түбір тіркесі түріндегі модельге мысал бола алады. Осы құрылым мен мағыналық ерекшеліктері сандаған гибрид сөздерде бірдей, сондықтан көбіне ортақ, жұмсалымдық жиілігі жоғары үлгіге жатады.
  3. Кірме негіз + кірме түбір/негіз. Инженерлік-әлеуметтік (инфрақұрылым) сияқты атаулар осы үлгінің көрсеткіші бола алады. Бұл атаулық тіркес кейде жалғаулық шылаулармен келіп, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымтүрінде де жұмсалады («Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы шеңберінде жаңа жұмыс орындары көптеп құрылып, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымды дамыту бағытындағы жобалар өз деңгейінде жүзеге асырылуда. Жас қазақ. 7 (671) желтоқсан,2017). Бұл үлгі гибрид сөздердің келесі бір моделінің тууына себеп болады:

6.Кірме негіз (инженерлік, негізге айналдырып тұрған -лік жұрнағы) + шылау (және) + кірме түбір/негіз(күрделі туынды негіз - әлеуметтік инфрақұрылым).

Қандай құрылым болмасын (дара, күрделі), күрделі құрамның композиттерінің саны қанша болса да бұлар атауланған. Сондықтан сөз, атаулық тіркес, қос сөз, қысқарған сөз деп аталады. Себебі, құрылымы күрделі (бірнеше сөзден)я дара (түбір немесе түбірге қосымша жалғанса да) болуына қарамастан, мағынасы жалқы, сөйлемде бір мүше болады.

Сонымен, гибрид сөздер үшін жаңа сөздер жасаудың барлық тәсілдері жат емес, олар қазақ тіліндегі қалыптасқан  дара және күрделі сөз үлгілерінің жасалу жолдарымен туындайды:

  1. Қос сөз түрінде,мысалы: ваккуум-бөлмеше,
  2. Тіркес түрінде: жабық есік форматы, ұлттық валюта,
  3. Біріккен сөз түрінде, оның ішінде түбір мен түбір, префиксоид пен түбір (инфрақұрылым),
  4. Дара сөз түрінде: таргеттеу, американдану т.б.

Лингвистикалық еңбектерде «гибрид сөздер» деп, негізінен құрамындағы компоненттерінің санына қарамастан, бір мағынаны білдіретін; құрылымында төл сөздер мен кірме компоненттері бар сөздер айтылады. Алаббревиатурамен жасалған гибрид сөздерде аббревиатуралардың бірінші орында тұрады. Бұл сияқты үлгі-модельдер қазақ тілінде бар, бірақ бұл модельдегі аббревиатуралардың позициясы осындай модельдер үшін тоқтам яки критерий бола алмайды. Себебі, аббревиатуралар кейде сөздің соңғы позициясында орналасады,  ондай кездерде олардың орын тәртібі технология саласының, яки белгілі бір сала терминдерінің жасалу заңдылығына,аталатын саланың арнайы метатілінің заңдылығына сәйкестендіріледі, мысалы:Tengrinews.kzтілшісі, т.б. Tengrinews.kzҚР Сыртқы істер министрлігідеген екі мысалда да аббревиатуралардың орнын ауыстыру, бірін алдына шығарунемесе соңына қою,  мүмкін емес.

Гибрид сөздердің, гибрид-терминдердің басымдық танытатын бөлігі анықтауыш сыңарлар (композиттер): ол анықтауыш композиттер зат есім  құрылымды болып келеді және көбінесе екі я үш құрамды болады, мысалы:оппозиция өкілдері,жабық есік форматы, Tengrinews.kz,ҚР Сыртқы істер министрлігі, ұлттық валюта, инфляциялық таргеттеу, педагогикалық кеңес, өңірлік бюджет, са­ламаттылық академиясы, атеросклероз ауруы, қант диабеті, этномәдени бірліктер, алкогольді ішімдік, халықаралық конференция, көліктік инфра­құрылым, мәдени-гуманитарлық байланыс, геосаясат,этномәдени, халықаралық журнал, www.turkacadem.kz т.б. Көпморфемді композиттерүш немесе төрт сөзден құралады. Бұлардың элементтері эндогенді және экзогенді деп аталады. Эндогенді және экзогенді элементтерден құралған мұндай термин-гибридтерге: республикалық тамыз педагогикалық кеңесі; макробедердің зоналылығы(макрорельеф) т.б. жатқызуға болады.

Гибрид сөздертерминқорда, лексикада бар, ал барды жоққа шығару мүмкін емес. Мұндай сөздерді қабылдау қажеттілікке байланысты болғанымен, кейде олар тілдегі түрлі қиындықтарды  тудырады. Сондай қиындықтардың бірі аударумен байланысты туындайды, өйткені мұндай сөздерді аудару қиын, көп жағдайда бір немесе екі компоненті, кейде барлық компоненттері  аударылмайды. Мысалы:  спиралды турбиналық камера;санитарлық-техникалық кабина т.б.

Гибрид сөздердің жасалу жолдары әр түрлі болатыны айтылды. Соның ішінде кейде бір ғана аббревиатура көмегімен ондаған терминдер жасауға болатын әлеуеті жоғары сөз тудыру тәсілі екені де белгілі болып отыр. Абрревиатура бірінші комозиттің алдыңғы орнындакеледі. Осыған орай қалыптасқан үлгі-модельдер: 

«кірме аббревиатура + төлтілдік аффикс»: PR-шылар.

«кірме аббревиатура + төлтілдік негіз»:VIP-түйіндеме,VIP-хабарландыру,IТ-мамандар,PR-мамандар т.б.

«кірме аббревиатура + кірме негіз» түрінде болады.Осы соңғы модель аударуы қиын гибридтер қатарында, өйткені сөздіктерде сол күйінде беріліп жүр және қолданыста, күнделікті коммуникацияда да осы тұрпаттарын сақтайды:веб-браузер, веб-дизайн, веб-интерфейс, веб-клиент, веб-сайт, веб-модель, ViP-деңгейт.б.Жаңа емле ережелерінде де осы жазу үлгісі сақталатыны  жазылған.

Келесі бір үлгі ретінде:

Сөзалды қосымшалардың (префиксоидтардың) аудармасы + кірме негіз түріндегі гибридті айтуға болады:

бейнегенератор; бейнедиск,бейнекарта, бейнечат, бейнетерминал т.б.

Немесе екеуінің де аударылып берілуі кездеседі, бірақ ондайда қалыптасқан пікір-түсінік бойынша, бұл сөздерді гибридтер қатарынан шығарып тастауға тура келеді:

бейнебақылау (видеоконтроллер);   бейнедабыл (видеосигнал).

Қосымшалармен, сөзалды қосымшалармен жасалатын зат есім-гибридтер жаңа емле ережелерінде бірізділенді: а)супер-, гипер – префиксоидтарына байланысты:  гипермедиа - гиперорта – hypermedia (кейде, баспасөзде сызықшамен де беріліп жүр, мысалы: супер-студент; бөлек те жазылады: супер студент; бірге  жазу да байқалады: гиперсвязь  - гипербайланыс – hyperlink, гиперссылка - гиперсілтеме – hyperlink.Сондай-ақ псевдо-, де- (делексикалану), экс- (эксәкім), мега-, топ-, нон-, анти- префиксоидтарымен келетін сөздердің жазу үлгілері берілді: антивибратор - антидірілдеткіш - antivibrator, авто-:автоблокировка - автобұғаттау – autolock, автозавод - автозауыт – automobile; автоклав – autoclave; автокоррекция - автотүзеу - auto correct, автожуу т.б.

Екі дауысты дыбыстың сөз ортасында (сөздер тоғысында) қатар келуіне байланысты қиындық тудырды деп саналып жүрген автокомпенсатор -  автоөтемдегіш - the compensators, автокомпенсация - автоөтем - auto-compensation, аэро- аэроизоляция - аэрооқшаулағыш – aerosolize т.б. сөздер бірге жазылып жүр.  Кірме суффикстермен: -инг (франчайзинг), -изм, -ер (стартапер), -изация, -ист, -оид, -гейт, т.б. жазылуын реттеу –изациямен келетін сөздер –тану, -тену, -лану, -лену жұрнағын қосу арқылы беріліп жүргенін айту керек: лексикализация – лексикалану т.б. Франчайзинг сияқты сөздер тобы жаңа емлемен франчайзиң түрінде  жазылады.

Қазақ тілінде өзгеріссіз (формасы да (жазылуы деген дұрысырақ), мағынасы да сақталған) енген, сол күйінде қолданылып жүрген, аббревиатуралар арқылы қалыптасып кеткен гибрид сөздерге мынажазу үлгілерін жатқызуға болады:

VIP(ағылш. Very Important Person) – VIP-кабина, PR (ағылш. public relations) –IP (англ. internet protocol), VIP-апартаменттер,VIP- қызмет  (сервистік), VIP-Тур т.б. КейдеV.I.P деп жазу да кездеседі. Қазіргі ұсынылып отырған емле ережелерінде гибрид сөздердің  жазылуы реттеліп, ұсынылғаны жоғарыда айтылды.

Негіздердің, түбірлердіңсызықша арқылы қосылуынан туындаған гибридтер, мысалы: блиц-сауал, брейн-ринг, фейс-бақылау, маркет-мейкер, кофе-брейк, арт-каф, поп-музыка  тек сызықшамен жазылып, тілде қалыптасып кеткен еді. Жаңа ережелерде осы жазу үлгісі ұсынылған.

Орыс тілінің үлгісімен о,е – сөзбіріктіруші дауысты дыбыстармен келетін сөздер тілде өте көп және олардың бәрінің құрамынан аталған дыбыстарды алып тастау көбіне жүзеге асқанмен,  кей сәттерде алып тастау мүмкін емес.    Мысалы: электротехника – электртехника болып қалыптасып кеткен.  Бірақ физиоем сияқты сөздер құрамындағы е-ні алып таста түсінбеушілік тудырады.

Егер дүниежүзі тілдеріндегі терминдік қабаттың грек-латындық негізініңбасымдығынескерсек, гибрид сөздердің үш композиттіболатыны, онда дагрек я латын – ағылшын - қабылдаушы тіл элементтерінен құралатыны терминжасам жүйесінен байқалады. Мысалы: Халықаралық са­ламаттылық академиясы т.б.Бұл құрамның гибридтілігі айқын, осындай гибридтерді айтпағанның күннің өзінде, грек-латын құрамды терминдердің өзі дайын гибридтер түрінде қабылдаушы тілге енеді, мысалы:геоморфологиялық арена т.б.Мұндай атауларды гибрид деп тануға негіз болып тұрған белгі - төлтілдік қосымшалар, нақты айтқанда, төлтілдік сөз тудырушы жұрнақтар. Осындай  кірме сөздер тілде өте көп, әсіресе жалпылама құбылыстардың атаулары, жинақтау мағынасындағы сөздер, классификация атаулары осындай болып келеді.

Орыс тіл білімінде мұндай сөздерді жаңа лексемалар ретінде бағалай отырып, әр түрлі атайды: гибрид сөздер, кентавр сөздер, креолданған сөздер т.б.Гибрид-терминдерді тілді тұтынушы тараптың да, сөзін қабылдаған тараптың та түсінуін жеңілдететін «құрылымдық-семантикалық кешен» деп бағалайды. Сөйтіп тіларалық гибрид-терминдер деген атау берілген.

Гибрид сөздердің кеніші – публицистикалық стиль. БАҚ  арқылы жүздеген сөздер еніп, біртіндеп тілде тұрақтануда: сауда-экономикалық ынтымақтастықты, ресми бизнес-делегация,  «Теңізшевратл»,мектеп-гимназия, Халықаралық қазақ-түрік университетінінің оқытушы-профессорлары,студенттері, нормативтік-құқықтық актілерімізде, тарихи-мемориалдық мұражайын, Су комиссиясы концерттік-ойын-сауық  бағдарламасы, монумент кешені, мектеп-интернат т.б.театр-көркемсурет институты, тарихи-музей  кешені, археологиялық қорық-музейі, қазақ музыкалық-драма театры, балалар мен жасөспірімдер театры, әдеби-мемориал, физиотерапиялық бөлім, су-энергетикалық, мәдени-гуманитарлық, сервистік  дайындау орталығы, «Жетісу» ҰҚ» АҚ, пилоттық жоба, сүт зауытыт.б.

Қорыта  келгенде, тілде гибрид сөздер әр түрлі құраммен кездеседі. Гибрид сөздердің бір ерекшелігі - олардың белгілі бір уақыт кесіндісіндегі аса белсенді, сол бір уақыт үшін аса өзекті ұғымдар мен түсініктерді атайтын сөздерден құралатындығы. Келесі ерекшелігі ретінде композиттерінің анықтауыштық сипаты болғанымен, компоненттерінің санына қарамастан, бір ұғымды, белгілі бір құбылысты атайтын сөздер болып  келуін айтуға болады. Яғни табиғаты жағынан төлтілдік күрделі сөздерге аса ұқсас: құрамындағы компоненттерінің санына қарамастан, сөйлемде бір мүшенің қызметін атқарады, бір ғана сұраққа жауап береді. Олар тіркес күйінде  келгенде құрамындағы компоненттерінің орны (позициясы), негізінен, тұрақты болады. Сөзалды қосымшамен (префиксоидтармен) келетін гибридтер бір компоненті аударуға келе бермейтін сөздердің санын көбейтеді.

Ал қос сөздер моделі бар гибрид сөздер қазақ тіліндегі қос сөздердің қалыптасқан модельдеріне үнемі ұқсай бермейді. Компоненттерінің саны, реті, мағыналық үйлесімділігі, буын санына қарай орналасуы, дауысты дыбыстармен келетіндері алдыңғы орында тұруы сияқты ерекшеліктер үнемі сақталмайды.

Аббревиатуралармен келетін гибридтер қысқарған сөздердің жаңа тобымен, яғни нанотехнологиялық, техникалық инновациялардың қысқарған атауларымен келеді.Бұрынғысынша мекеме, ұйым атауларының қысқарған түрлерінен бөлек арт-, спа- сияқты аббревиатуралар пайда болғанын айту керек.

Гибрид сөздер құрамында ағылшын тілінен енген сөздер мен жаттілдікпрефиксоидтар көп, мұндай үлгілермен қолданыста жүрген сөздерқатары артуда. Жалпы, аталмыш сөздер терминдік қордың, сол арқылы сөздік қордың да басым бөлігін құрайтын элементтерге айналып келе жатқанын біле жүрген дұрыс.

 Б.Момынова, филология ғылымдарының докторы, профессор 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір