• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:14:26
Алматы
+35°

01 Маусым, 2019 NEWS

Қосанов: "Айналайындар, маған обал жасамаңдар" (видео)

Сондай-ақ, кандидат өзіне қарсы пікір айтып, бойкотты насихаттап жүргендерге ерекше тоқталып, өтінішін білдірді.

Кезектен тыс президент сайлауына тіркелген кандидаттардың бірі Әміржан Қосанов халықпен кезекті кездесуінде бойкот жариялаушыларға өтініш білдірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Үміткердің айтуынша, бойкот жариялаған қауым Қосановқа қиянат жасайды-мыс. Осылай деген үміткер әр дауыстың маңызды әрі санаулы екенін жеткізді.

"Біз 9-маусым күні бірігуіміз керек. Өйткені, бұл сайлауға Назарбаев түспейді. Біз қазір бірікпесек, онда мүлде біріге алмаймыз", - деді Қосанов.

Сондай-ақ, кандидат өзіне қарсы пікір айтып, бойкотты насихаттап жүргендерге ерекше тоқталып, өтінішін білдірді.

"Азаматтар, мүмкін мені ұнатпайтын шығарсыздар, керек десеңіздер, мені көре алмайтын шығарсыздар. Бірақ менің дауысымды тартып алмаңдар. Олай маған обал жасамаңдар", - деп қадап айтты Қосанов.


Ұсынған: Әділет Мәдениет

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір