• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
25 Тамыз, 21:40:09
Қорықшылардың материалдық-техникалық базасы күшейтіледі

01 Маусым, 2019 NEWS

Фин медбикесінің жалақысы қазақстандықты таң қалдырды

Финляндиядағы медбикелер жалақысы туралы сауалға Ханнеел Титтанен жауап берді.

Атырау қаласындағы медициналық колледждің мұғалімдеріне біліктілікті арттыру курсын жүргізу үшін Финляндиядан келген қос медбике - Ханнеел Титтанен мен Марио Паловараның жалақысы қазақстандық журналисті таң-тамаша етті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі "Ақ Жайық" сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық журналистердің бірі шетелдік медбикелермен сұхбат барысында олардың табысы туралы сауал қойған. Алған жауабына қарасақ, шетелдік медицина қызметкерлерінің айлық табысы Қазақстандағы жалақыдан 15 есеге жоғары екен.

"Финляндияда медбике қызметі дәрігерден кем түспейді. Олар науқасты қабылдағаннан бастап, дәрі-дәрмек ұсынғанға дейінгі қызметтерді атқара береді. Менің ойымша, медбикенің дәрігер көмекшісі ғана болып қалғаны дұрыс емес", - дейді шетелдік қонақтар.

Ал Финляндиядағы медбикелер жалақысы туралы сауалға Ханнеел Титтанен жауап берді.

"Орташа айлық табыс көлемі – 3000 еуро. Жұмыс өтілің көп болса, 5000 еуроға дейін табасың. Бірақ біз медбикелерге бұдан да көп жалақы төлегенін қалаймыз", - дейді ол жауабында.

Өз кезегінде Қазақстандағы жалақы туралы сұраған шетелдік медбике 200 еуро көлеміндегі айлық табыс көлемін естігенде, айтарлықтай таң қалған.

Аударған: Әділет Мәдениет

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір