• USD 389.52
  • EUR 429.21
  • RUB 6.07
  • CNY 54.94
19 Қазан, 04:14:36
Назарбаев: "Нұр Отан" халықты мазалайтын мәселелерге араласпайды

01 Маусым, 2019 Оқиғалар

"Жусан-3" операциясы: Сириядан тағы 171 бала елге қайтарылды (видео)

Бұған дейінгі екінші кезеңді елге 59 әйел, 156 бала қайтарылған болатын.

Мамыр айының 28-31 күндері "Жусан" операциясының соңғы кезеңі жүзеге асырылды. Бұл туралы 31 мамырда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан азаматтарын Сириядан қайтару «Жусан" арнайы операциясының үшінші кезінде Сириядан 67 әйел адам, 171 бала, оның ішінде, тоғызы жетім, елге қайтарылған. Олар біраз уақыт оңалту орталығында болады. Ақорданың баспасөз қызметі үш кезеңнен тұрған "Жусан" операциясының аяқталғанын хабарлады.

Бұған дейін 9 қаңтарда бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев "Жусан-1" арнайы операциясы нәтижесінде Қазақстанның 47 азаматы Сириядан оралғанын мәлімдеген. 7 және 9 мамыр күндері "Жусан-2" операциясы аясында Сириядан Қазақстанның 231 азаматы елге жеткізілген. Олардың 159-ы – бала.

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Жусан-3» операциясының сәтті аяқталғаны туралы мәлімдеме жасады.

"Менің тапсырмам бойынша 28-31 мамырда «Жусан» арнайы гуманитарлық акциясының соңғы кезеңі табысты өтті. Сириядан отандастарымыздың кезекті тобы оралды. Қазақстанның мемлекеттік құрылымдарының жүйелі жұмыстарының және шетелдік серіктестермен тығыз ықпалдастықтың арқасында қақтығыс аймағынан 171 бала шығарылды. Қазақстанға оралған соң, олар оңалту шараларынан өтіп, барлық қажетті көмек алатын арнайы бейімдеу орталығына орналастырылды.

Жусан» гуманитарлық операциясы – ауқымды акция. Бұл бастаманы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ұсынды және былтырдан бері жүзеге асырылуда. Кешенді шаралар нәтижесінде қақтығыс аймағынан Отанымызға 357 бала қайтарылды. Балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету «Жусан» операциясының басты мақсаты болды.

«Жусан» гуманитарлық операциясының қорытындылары мемлекетіміздің өте күрделі міндеттерді тиімді шешуге қабілетті екенін көрсетті.

Осы операцияға қатысқан арнайы қызмет өкілдерінің, дипломаттардың, әскерилердің бәріне тапсырылған жауапты миссияны абыроймен орындағаны үшін алғыс білдіремін.

Елге оралған отандастар жаңа өмір бастауға, ал балалар бейбіт өмір сүруге мүмкіндік алды.

Біз өз азаматтарымыздың құқықтары мен қауіпсіздігін алдағы уақытта да қорғайтын боламыз" деген мемлекет басшысы мәлімдемесінде. 

«Жусан-3» операциясы Сириядан қазақстандық» азаматтарды елге жеткізу бойынша кешенді гуманитарлық операциясы барысында елге жалпы 516 қазақстандық жеткізілді. Оның 357-сі бала.

Ұсынған: Мақпал Сембай

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір