03 Маусым, 2019 NEWS

Қарағандыда полицей суға батып бара жатқан адамды құтқарып алды (видео)

Полиция майоры Қарағандыдағы су қоймада батып бара жатқан ер адамды ажал аузынан аман алып қалды

Полиция майоры Дастан Азанбаев Қарағандыдағы Федоров су қоймасында батып бара жатқан ер адамды ажал аузынан аман алып қалды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі zakon.kz сайтына cілтеме жасап.

Түс мезгілінде бауырымен бірге жеке көлігімен кетіп бара жатқан полицей суға малтыққан адамды байқаған.

Бауыры болған оқиғаны видеоға түсірген, ал майор суға батқан адамға көмекке асығыпты.

“Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамға медициналық көмек көрсеткен. Сіңірлері тартылып қалғандықтан, ол ауруханаға жатқызылды”, - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілі.

Ер адам өзінің жағада балық аулағанын және суға шомылып алмақшы болғанын айтты. Бірақ суға түсу кезінде оның аяқтары құрсып қалған.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір