• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:06:04
Алматы
+12°

03 Маусым, 2019 Саясат

Қазақстан Сайрагүл Сауытбайға пана бола алмады

Қытай Қазақстан шекерасынан заңсыз өткен этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай Қазақстанда қалмайтын болды.

Қытай-Қазақстан шекерасынан заңсыз өткен этникалық қазақ Сайрагүл Сауытбай Қазақстанда қалмайтын болды деп жазадыQamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Сауытбайдың адвокаты Айман Омарова өзінің Facebook парақшасында жазды. Оның жазуынша, Сайрагүл Сауытбай ісіне БҰҰ араласып, оны Швецияға жіберген.

"Қош бол, Сайрагул! Жолың болсын! Бақытты бол! Атажұртыңда қазақпын деп асығып, Қытайдан қашып келгенде пана бермеседе, енді өмірің дүние жүзінде ең дамыған мемкелет есігін ашты! Ұмытпа! Сен әрдайым НАҒЫЗ ҚАЗАҚТЫҢ ҚЫЗЫ екеніңді", - деп жазды Айман Омарова.

Айман Омарованың Азаттық Радиосына айтуы бойынша, Сайрагүл Сауытбай отбасымен бірге маусымның 3-і қараған түні Алматыдан Швецияға ұшып кеткен.

- Біз бұған дейін үшінші елден көмек сұрайтынымызды айтқан едік қой. Негізі БҰҰ сот өтпей ешқашан рұқсат етпейтін. Заңда да солай. Бірақ мен АҚШ-қа өтініш еттім. БҰҰ-на барлық мән-жайды жеткіздік. Ұйымның босқындар жөніндегі комиссариаты Сайрагүлге ерекше жағдай жасады, Швеция өзіне келуге рұқсат етті, - деді адвокат.

 

 

 

 
"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір