• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 13:45:45
Алматы
+35°

03 Маусым, 2019 NEWS

Алматы облысында "жеңгетайлар" ұсталды

Заңсыз әрекеттері үшін Талдықорған қаласында қонақ үй әкімшісі мен Қарасай ауданындағы сауна әкімшісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Алматы облысында қалталы азаматтарға қызмет көрсететін заңсыз «жеңгетайлықпен» айналысқан екі күдікті ұсталды, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Арнайы іс-шара барысында 50 және 38 жастағы екі азаматша адам саудасына қатысы бар деген күдікке ілінді. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сондай-ақ, «жеңіл жүріске» түскен Қырғызстан азаматшасын Қазақстан Республикасының аумағында жүру ережесін бұзғаны және құқық бұзушылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту және ел аумағынан шығару мәселесі қарастырылуда. Шетел азаматшасы тиісті мекемеге орналастырылды»,- делінген хабарламада.

Тәртіп сақшылары адам саудасы мен олардың құқығын шектеуге қатысты заң бұзушылықтармен күрес үнемі жүретінін мәлімдеді. Мұндай заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда облыс тұрғындары полицияға бірден хабар береді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір