• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Тамыз, 09:51:35
Медициналық сақтандыру: Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда

03 Маусым, 2019 Атырау облысы

Атырауда жауынгерлік өнер фестивалі 10 мыңға жуық көрермен жинады

Ауқымды спорттық шара дәстүрлі түрде өтуді уәде етті

Ауқымды спорттық шара дәстүрлі түрде өтуді уәде етті, деп xабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Сенбіде Сұлтан Бейбарыс алаңына бірнеше сағат бойы шамамен 20 жекпе-жек өкілдері жиналды.Үлкен спорттық додаға айналды.

Жауынгерлік өнер фестивалінің ұйымдастырушылары - Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, облыстық жауынгерлік өнер Ассоциациясы, сондай-ақ, Олимпиадалық емес спорттық жекпе-жек федерациясы.

Фестиваль аясында жауынгерлік өнер ассоциациясының құрамына кіретін шамамен 20 спорт түрінің чемпиондары : каратэ, муай тай, кикбоксинг, ММА, панкратион, греплинг, самбо, таэквондо және джу-джитсудан өз өнерлерін көрсетті. 
- 10 мыңнан астам адам жауынгерлік өнер фестивалінің көрермені болды. Шараның негізгі мақсаты - облыста салауатты өмір салты мен спортты насихаттау, әсіресе Атырау облысында бұл үшін барлық жағдай жасалған. Осындай шаралардан кейін біздің тұрғындарымыз балаларын әртүрлі спорт секцияларына алып келеді деп үміттенеміз, - деді Атырау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов.

Іс-шара барысында келушілерге спорт залдары мен спорт секцияларының тізімі жазылған брошюралар таратылды. Келушілерге ыңғайлы болу үшін барлық қажетті ақпарат фейсбук, вконтакт және @atyrausport әлеуметтік желілеріне орналастырылған, сондай-ақ, 8 (7122) 50-60-92, 87028028938 байланыс телефондарына хабарласуға болады.

Фестиваль соңында қазақстандық эстрада жұлдыздары өнер көрсетті. Мерекелік концерт отшашумен аяқталды.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір