• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 13:21:50
Алматы
+12°

03 Маусым, 2019 Саясат

Нұр-Сұлтанда наразы аналар аштық жариялап жатыр (видео)

Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында бір топ (нақты саны белгісіз, шамамен 40-қа жуық) көп балалы, жалғызілікті аналар билікке наразылықтарын айтып, Ақорданың алдына жиналды.

3 маусымда Қазақстан астанасы Нұр-Сұлтан қаласында бір топ (нақты саны белгісіз, шамамен 40-қа жуық) көп балалы, жалғызбасты аналар билікке наразылығын айтып, Ақорданың алдына жиналды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Олардың наразылыққа шығуына басты себеп – баспана мәселесін шеше алмай жүргендігі.

Жиналған аналар Қазақстанның Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың, қазіргі президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың және премьер-министр Асқар Маминнің шығуын талап етуде. Алайда наразы аналардың талабын тыңдауға жоғарыда аталған лауазымды тұлғалардың ешқайсысы шыққан жоқ. Наразы аналар Ақордадан жоғарыда аттары аталған лауазымды тұлғалар шықпаған соң Үкімет үйінің алдына барды. Олармен тілдесуге Премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова,  Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев және қала әкімі Бақыт Сұлтанов шығып, талап-арыздарын тыңдауда. Олар наразы аналарды ғимарат ішіне кіріп сөйлесуге шақырды, бірақ наразы топ ішке кіруден бас тартып, "мәселемізді осы жерде шешіп беріңдер", "әкімдік ғимаратына барып шаршадық" деп отыр.

Сағат 10.00-де басталған наразылық әлі де жалғасып жатыр. Наразы аналар Ақорданың алдындағы алаңда аштық жариялады. Оларды арнайы полиция жасағы қоршап алған. Полиция өкілдерінің саны жиналған аналардан да көп. Олар аналар отырған алаңды қоршап сырттан басқа адамдарды кіргізбей тұр. Аштық жариялаған аналардың бірі есінен танып қалды, оны жедел жәрдем алып кетті.

Наразы аналар "баспана, баспана, баспана" деп ұрандап, Қазақстанның Әнұранын айтуда. Олармен тілдесуге шыққан лауазымды тұлғалардың барлығы ғимаратына қайта кірді. Тек полиция өкілдері ғана оларды қоршап тұр.

 

Видео Азаттық радиосынан алынды

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір