03 Маусым, 2019 Саясат
Сағынтаев, Сапарбаев, Сұлтанов келген аналардың наразылығы әлі жалғасып жатыр (видео)
Нұр-Сұлтанда биліктен баспана мәселесін шешіп беруді талап еткен көп балалы аналардың наразылығы әлі де жалғасып жатыр.
Нұр-Сұлтанда биліктен баспана мәселесін шешіп беруді талап еткен көп балалы аналардың наразылығы әлі де жалғасып жатыр деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
Билікке наразылықтарын 10.00-де бастаған аналар Ақорданың алдындағы ашық алаңда аштық жариялаған болатын. Наразы аналардың талабын тыңдауға келген қала әкімі Бақыт Сұлтанов, Еңбек және әлеуметтік қорғау министрі Бердібек Сапарбаев, премьер-министрдің орынбасары Гүлшара Әбдіхалықова аналарды әкімдік ғимаратына кіріп сөйлесуге шақырды. Бірақ аналар билік өкілдерінің бұл ұсынысына келісе қойған жоқ. Олар «Әкім мен министрдің уәдесінен шаршадық» деп отыр.
"Біздің басты мәселеміз – баспана"
Наразы аналар: "Біздің бір ғана мәселеміз бар. Ол – баспана. Баспанамыз болса, бізден бай, бізден бақытты адам жоқ. Біз тегін баспана сұрамаймыз. Бізге айына 30-40 мың теңге төлейтіндей етіп үй беріңдер" деді.
"Біз еш жерде тұрмаймыз, далада жүрміз"
Аналардан бөлек, алаңда баспана сұрап балалар да жүр. Журналистерге өзін Жанұзақ Берікпін деп таныстырған жасы 10-11-лер шамасындағы ұлбала отбасында 10 бала барын, қазір үйсіз, күйсіз, туысқандарын паналап жүргендерін айтып, көз жасын төкті.
"Біз еш жерде тұрмаймыз, далада жүрміз. Күнде әр жақа барамыз. Бізге үй беріңіздерші, басқа еш нәрсе сұрамаймыз», - деген ол анасының құрбысының үйінде тұрып жатқанын айтты.
Сағат 10.00-де жиналған аналар жеті сағатқа жуық уақыт Ақорданың алдынада тұрып алды. Оларға басқа да көп балалы аналар келіп қосылып жатты. Бірақ арнайы полиция жасағы аналар тұрған аумақты қоршап, басқа адамдарды өткізбеуге тырысты. Бірақ көптеген адамдар келіп, алаңда тұрған аналарға су және тамақ әкеліп жатты.
Сағынтаев сабырға шақырды
Алаңнан кетпей тұрып алған аналарға сағат 17.00 шамасында Қазақстан президенті әкімшілігінің жетекшісі Бақытжан Сағынтаев келіп сабырға шақырды. "Сабыр сақтай алмаймыз" деп Сағынтаевтың сөзіне құлақ аспаған аналар ақыры мәселені Үкімет үйінде отырап талқылауға келісті. Қазір Сапарбаев, Сұлтанов, Сағынтаев үшеуі Үкімет үйінің ішінде аналардың әрқайсының арызын тыңдап отыр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Басқа видеолар
Пікір қалдыру
пікір