• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 15:43:34
Сенім үдесінен шыққан банк

31 Мамыр, 2019 Аймақтар

Маңғыстау облысында сайлаудың әділ өтуін 223 бақылаушы бақылайды

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте

Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте «Аманат» азаматтық платформасының Маңғыстау облыстық штабының мүшелері мәлімдеді.

«Аманат» азаматтық платформасының республикалық кеңсесі 30 сәуірде өз жұмысын бастаған. Ұйым құрамында журналистер, қоғам белсенділері мен жастар қауымы бар жобалық кеңсе сайлау аяқталғанға дейін жұмыс жасайды. Республиканың әр аймағынан құрылған кеңсе кезектен тыс  Президент сайлауына өз қатарларынан он мыңға жуық бақылаушы шығарады. Осылайша, еліміздегі әр сайлау учаскесіне «Аманаттың» атынан бір адамнан бекітіледі. Бұл белсенді ерікті түрде істейтін жұмыстың бір ғана бағыты. Олар сондай-ақ Президент сайлауының әділ өтуін бақылап, сайлауалды дайындық, әлеуметтік желілерде дауыс берушілерді ақпараттандыру жұмысымен де айналысады.

Маңғыстау облысында сайлаудың заң аясында өтуін қадағалайтын 223 тәуелсіз бақылаушы да «Аманат» азаматтық платформасының өңірлік штабында дәріс алуда. Оларды  сайлау барысын бақылау жұмыстарына баулу үшін штабтан 10 мобильді капитан бөлінген. Президентікке үміткер «Нұр Отан» партиясы және «Қазақстан халықтық коммунистік» партиясының штаб өкілдерімен кездесу ұйымдастырған «Аманаттықтар» Қарақия ауданында болған сапарында бақылаушылармен кездесті. Бақылаушының қандай қызметтер атқаратыны жазылған методикалық нұсқаулық блакноты әзірленіп, сарапшылық бағытта дайындау жұмыстары жалғасын табуда. Айта кетейік, азаматтық платформа жұмысына  тартылған азаматтардың ешқайсысы саяси партияларға жақтас бола алмайды.

«Кезең аралық қызмет болғандықтан, аз уақыт ішінде облыс бойынша жүргізілген жұмыстың алуан бағыттарына қарамастан біздің команда өзінің алғашқы нәтижелеріне қол жеткізді деп есептеймін. Әрбір азамат сайлауда өз таңдауын жасауы керек», - деді «Аманат» азаматтық платформасының облыстық штаб жетекшісі Ғалия Жалғасбай.

Сондай – ақ, брифингте бұл саланың негізгі 5 бағыты туралы түсінік берілді. Алғашқысы, сайлауға дейінгі және кейінгі қоғамдағы ахуалға тәуелсіз мониторинг жүргізетін «Теңдік» бағыты. Екінші, сайлаушылардың өз құқығынан ақпараттандырылуы. Үшінші, маңызы ерекше «әділдік» бағыты сайлаудың ашық әрі әділ өтуі тиіс деген ұстаным аясында бақылаушы қызметін атқарады. Төртіншісі, «Келісім» бағыты қоғамдағы пікірлердің әртүрлі болғанмен, ортақ келісімге келіп, халық үшін қызмет ететін президентті таңдауды көздейді. Бесінші, «Аманат» бағыты бойынша кез-келген тұлға болашақ президентке өзінің аманатын, яғни арман-тілегін бейне жазба арқылы жолдай алады.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір