• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:24:16
Алматы
+35°

04 Маусым, 2019 Саясат

Тоқаев: "Ресеймен ынтымақтастықты нығайта түсу қажет"

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына сапарында өңірдегі су және жол мәселесіне қатысты бірқатар мәселелерді айтты.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысына сапарында өңірдегі су және жол мәселесіне қатысты бірқатар мәселелерді айтты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook парақшасында жазды.

"Жөнделген жолдың саны емес, сапасы маңызды" екен атап өткен Тоқаев әкімдіктердің жұмысын осы талапқа сай бағалайтынын айтты.

"Нағыз сапалы жол қандай болуы керек? Ең алдымен, сол жолды пайдаланатын тұрғындарды діттеген жеріне тез, жылдам апаратын қауіпсіз жол болуы тиіс. Жөнделген жолдың саны емес, сапасы маңызды! Әкімдіктердің жұмысын осы талапқа сай бағалайтын боламын", - деді Тоқаев Атырау жұртшылығымен кездесуінде.

Атырауда суы тартылып бара жатқан өзендері айта келе, Тоқаев оларды "қалпына келтіру үшін Ресеймен ынтымақтастықты нағайта түсу қажет" деп есептейді. 

"Жайық пен Қиғаш өзендерінің суы тартылып барады. Жайықтың су ресурстарын сақтау, қорғау және қалпына келтіру үшін Ресеймен ынтымақтастықты нығайта түсу қажет. Мен бұл жұмысқа өзім кірісемін!"- деді Тоқаев.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір