• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
18 Тамыз, 08:38:31
Медициналық сақтандыру: Өз денсаулығыңыз – өз қолыңызда

04 Маусым, 2019 Барлық аймақтар

Тоқаев: Каспий мен Жайықтың айрықша әлеуетін тиімді пайдалану қажет

ҚР президент міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келіп, өңір қауымымен кездесті

ҚР президент міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаев жұмыс сапарымен Атырау облысына келіп, өңір қауымымен кездесті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Кездесу кезінде президент облыстағы ең басты проблемалары туралы сөз айтты.

“Жергілікті тұрғындарды мазалайтын мәселелердің бірі – экологиялық ахуал. Ең әуелі, Каспий мен Жайықтың айрықша әлеуетін сақтап, оны тиімді пайдалану қажет. Атыраудың экологиясы – тек облыстың ішкі мәселесі емес, оны шешуге барлығымыз бір кісідей жұмылуға тиіспіз”, - деді ҚР президент міндеті атқарушы.

Сонымен қатар, балық шаруашылығы туралы өз ойын жеткізді.

“Жайықтағы балықтардың хлорға уланып, жаппай қырылуы бүкіл елді алаңдатты. 118 тн. балық қырылды, оның 108 тн. – бекіре тұқымдас. Балық зауыттарымыз 60% қуатымен ғана істеп тұрғанын ескерсек, бұл – орасан шығын. Мен бұл жағдайды тікелей бақылауға алдым”, - мемлекет басшысы.

Оның айтуынша, гидротехникалық нысандар ұзақ уақыт бойы жөнделмеген және жаңғыртылмаған.

“Халықты таза ауыз сумен қамтамасыз етуді айтпай кетуге болмайды. Өздігінен су шығарып жатқан 120 ұңғыма өңірдің су қорына айтарлықтай нұқсан келтіруде. Олар жойылуы тиіс!” – Тоқаев.

Дайындаған: Ильдар Адильченов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір