• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Қараша, 12:55:01
Алматы
+12°

04 Маусым, 2019 Фото-баян

Нұр-Сұлтан – қайшылықтар қаласы

Астананың ұмытылған бөлігінің бірі Пригородный кенті 10 шақырым жерде орналасқан. Бұл жердің басты проблемасы – емхананың жоқтығы.

Миллиардтаған доллар инвестициялаған соң, Қазақстан астанасы – Нұр–Сұлтан (бұрынғы Астана) қарыштап дамып, заманауи қалаға айналды. Бас қала атанғалы 21 жыл ішінде ол адам танымастай өзгерді. Бірақ жаңа астана сән қуып кеткенде, маңындағы елдімекендер қағажу қалды деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі CABAR.asia сараптамалық порталының дерегін негізге алып. 

Астананың ұмытылған бөлігінің бірі Пригородный кенті 10 шақырым жерде орналасқан. Бұл жердің басты проблемасы – емхананың жоқтығы.

 Астана

"Жергілікті тұрғындар күндердің бір күнінде өркениет бізге де жетсе екен" деп армандайды. Жүздеген адам суды жалғыз колонкадан ішіп отыр, судың кезегіне таңғы алтыдан бастап тұрады. Демалыс күндері кезекте 3-4 сағат тұруға мәжбүр.

 Астана

Сегіз жасар Жомарттың балалық шағы осы су кезегінде өтіп жатыр. Ойнауға уақыт жоқ – оны үйде суға бара алмайтын әжесі күтіп отыр.

 Астана

Юрий Нажаров, Пригородный кентінің тұрғыны: «Бұрын бізде жеті колонка болатын, қазір біреу ғана қалды, оның өзі тұз татиды. Үйлерде су жоқ. қыста бұл колонка қатып қалады да, жағдайымыз тіпті нашарлайды. Талай жерге хат жаздық, бірақ еш нәтиже жоқ».

 Астана

Мұнда жол да жоқ. Бұл жерге тіпті «жедел жәрдем» келуден бас тартады, "науқастарға ем алу үшін өздері келсін" деп өтінеді.

 Астана

Нұрдәулет Әбдікәрімов: «Мен студентпін, тіс дәрігері мамандығына оқып жатырмын, бос кезімде астанадағы сауда үйлердің бірінде қосымша табыс табамын. "Осы кенттен қатынаймын" деп қиналып біттім, бір маусымның соңына дейін киюге жетпей қойды. Тапқан–таянғаным аяқ киімімнен артылмайды. Көктем мен күзде мүлдем жүру мүмкін емес. Осында тұрып жатқаныма он жыл болды, еш өзгеріс жоқ».

 Астана

Бұл жердің кішкентайлары балалар алаңқайларын тек қалаға, туысқандарына қонаққа барғанда көреді, ал мұнда қоқыстың ортасында ойнап жүр. Былай қарасаң, астана түбіндегі элиталы аумақ. Бірақ кент жаппай қоқыс орнына айналып барады, тастанды жер сияқты.

 Астана

Бұл жаққа автобус жүрмейді, ал мектепке барар жол - 1,5 шақырым. Мектепке балаларды жеткізу қарастырылмаған, сондықтан тұрғындар өз машиналарымен апарады. Машинасы жоқтар жолсызбен жаяу тартады. Жауын кезінде бұл жердің шаңы аяқ алып жүре алмас лай–батпаққа айналады. Балалар мектепке аяқ киімсіз келген жағдайлар да болған.

 Астана

Ядвига Сосновская – зейнеттегі стюардесса. Бұл поселкеде тұрып жатқанына 47 жыл болды.

«Кезінде бұл жерде негізінен авиация мен геология саласында жұмыс істейтін адамдар тұратын еді. Қазір машина көбейді, өз күшімен жол салып алмақ еді, бірақ қаражат жетпеді».

 Астана

Нұр–Сұлтан Қазақстанның астанасы болған 22 жылда жан–жағында жоспарланған және жоспарланбаған елдімекендер қаптады. Қараөткел поселкесі астанадан 20 шақырым жерде орналасқан.

 Астана

Ол екі бөлікке бөлінген, соның бірі ғана астанаға қарайды. Мұнда мектеп те, балабақша мен аурухана да, тіпті жаңа стадион бар.

 Астана

Қалаға автобуспен 15–20 минутта, машинамен 10 минутта жетіп алуға болады. Бірақ бұл жердің басты проблемасы – жолдар. Құрғақ күні шаң–тозаң, жаңбыр жауса – батпақ. Сол себепті такси де мұнда жолаушыларды қиналып, әзер әкеледі.

 Астана

Бұл жерде 20 мыңнан астам адам тұрады. Көбі астанада жұмыс істейді, қора–бақша ұстап отыр. Жергілікті тұрғындардың басым көпшілігі – зейнеткерлер.

 Астана

Астана маңы деп айтқанымен, бұл поселкелерде жергілікті билік қашан назарын салады деп, шешуін күткен проблема шаш етектен.

 Астана

Гүлім Рахметова: «Бәріміз мұнда жағдайы жасалмаған жер үйлерді жалдап тұрамыз. Өйткені ең арзан баспана осы. Күйеуім қалада жұмыс істейді. Тоғыз баламыз бар, ал үйімізде канализация жоқ, қыста сыз тартып тұрады».

 Астана

Поселкеде жалғыз сұлулық салоны бар. Бақыт Серікова – әмбебап шаш шебері. Мұнда тұрым жатқанына он екі жыл болды. Бұл жерден ертең–ақ көшіп кетуге даяр, бірақ үйін сата алмайды, ал жалға беру тиімсіз.

 Астана

Ал мынау Нұр–Сұлтанның шетінен салынған Жағалау тұрғын алабы. Қарқындап өсіп келе жатқан ауданды көріктендіру бойынша сұрақтарын, жалпы инфрақұрылымдық және басқа мәселелерін әкімдік тез арада шешім тастайды.

Зейнеткер Жақсылық Бекжанов осы жерден 14 млн теңгеге ($36,9 мың) екі бөлмелі пәтер сатып алған:

«Өте жақсы аудан. Ауласы, дүкендері бар, балалар алаңқайы тұр, жағажай салып жатыр. Паркинг қана жетіспейді».

 Астана

Бұл жердің автобустары кесте бойынша жүріп тұр. Ал мынандай жылытылатын, ақпараттандыру жүйесімен жабдықталған, Wi–Fi бар аялдама шамамен 10 млн теңге ($26,3 мың) тұрады.

Ал мынау FamilyVillage ұйымдасқан коттедж поселкесі, мұнда барлық жағдай жасалған, коммуникациясы жүргізілген, қызмет көрсететін бөлек мекемесі, күзеті, видеобақылауы бар. Мұндағы тұрғындардың проблемалары мүлдем басқа.

 Астана

«Жылуға көп төлейміз, өйткені дербес қазандығымыз бар. Жылуға 120 доллар төлейміз. Көктем келсе, паркингті су алады», – дейді Гүлжамал Омарова.

Наурыздың басында Қазақстан премьер–министрі Асқар Мамин астананың жан–жағын аралап шықты, тұрғындардың проблемалары қалай шешіліп жатқандығымен танысып, әкімдерге бірқатар тапсырмалар берді. Бірақ олардың қашан және қалай шешілетіндігі белгісіз.

Айта кетсек, Qamshy.kz ақпарат агенттігі сәуір айынан бастап CABAR.asia сараптамалық порталымен серіктес ретінде бірігіп жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта Қазақстанға қатысты өзекті мәселелер туралы жазылған CABAR.asia порталының мақалаларын оқырман назарына ұсынатын боламыз. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір