• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 15:09:53
Алматы
+35°

04 Маусым, 2019 NEWS

Зағип жандардың жанарға жас толтырған "жарқын әні" (видео)

"Осы өлеңді тыңдап, әрбір сөзін ұғынып, көз жасымды тоқтата алмадым. Мыңдап жиналған көрермендердің де көзі жасқа толтырды."

2019 жылдың 1 маусымында сағат 12.00-де «Барыс Арена» спорт сарайында (Тұран даңғылы, 75/1) XIV Халықаралық «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалінің гала-концерті өтті деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі BI Juldyzai қорының баспасөз қызметінің ақпаратын негізге ала отырып.

Фестиваль 10 ақпанда басталып, еліміздің барлық өңірлерін қамтыды. Биылғы жылы шығармашылық байқауға қатысуға 7750 өтінім түсті. Екінші халықаралық кезең - 26-31 мамыр аралығында Нұр-Cұлтан қаласында өтті. Оған 255 бала қатысып, ең жарқын нөмірлер гала-концерт бағдарламасына енгізілді.

Байқауға қолдау білдірген эстрада жұлдыздары Дәулет Болатов, Балжан Бидаш, Айша, Назым Әбілдина және «Голос. Дети» жобасының жеңімпазы Максим Ержан қатысушылармен бірге сахнада өнер көрсетті.

Фестивалдің ерекше әсер қалдырған сәттерінің бірі, қос зағип баланың шырқаған әні. Олар – Шымкент қаласынан 9-жастағы Айбын Жұмабеков және Алматы қаласынан 11-жастағы Надир Мұхаммед есімді жігіттер. Көзі көрмесе де, көкірегі ояу балалардың "Елестер" әні халықтың жүрегіне бірден жол тапты. Бұл туралы BI Group инвестициялық және құрылыс холдингінің акционері және директорлар кеңесінің төрағасы Айдын Рахымбаев өз әлеуметтік желісінде жазған болатын.

«Осы өлеңді тыңдап, әрбір сөзін ұғынып, көз жасымды тоқтата алмадым. Мыңдап жиналған көрермендер де көзіне  жас алды. Осындай өлеңді таңдап, орындаған Шымкент пен Алматының 9 және 12 жасар балаларын көргенде, эмоциясыз қалу мүмкін емес...»,- делінген жазбада.

Балалардың талантын байқаған желі қолданушылары оларға тәнті болып, жарыса жақсы тілектер жазуда.

«Жұлдызай» фестивалі Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. Қазақстанның түкпір-түкпірінен ерекше балаларды біріктіретін байқаудың танымалдығы жыл сайын өсуде. Мәселен, егер бірінші жылы оған 76 бала қатысса, биыл 7 750 бала қатысуға ниет білдірді.  Осы жылы жинақталған тәжірибе мен инклюзивті жобаға деген қызығушылықты ескере отырып, Қор оны халықаралық деңгейге шығарды. Қатысуға өтінім берген елдер арасында ‒ Грузия, Беларуссия, Түркия, Ресей және Франция бар. Жаңартылған фестиваль ерекше қажеттіліктері бар дарынды балаларға арналған «трамплин» болады, олардың шығармашылық дағдыларын шыңдауға және өнерін халықаралық алаңда көрсетуге мүмкіндік береді.

«BI-Жұлдызай» корпоративтік қайырымдылық қоры коммерциялық емес ұйым бола отырып, шығармашылық, өнер және спорт арқылы ерекше қажеттіліктері бар балаларды әлеуметтік бейімдеу және ықпалдастыру мақсатында 14 жыл бойы балалар шығармашылығының республикалық фестивалі мен «Жұлдызай» спартакиадасын өткізеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев XIV халықаралық балалар шығармашылығына арналған «Жұлдызай» фестивалінің гала-концертіне қатысты. Халықаралық балаларды қорғау күнінде мерекелік сахнада Қазақстанның түкпір-түкпірі мен шетелдерден келген 255 ерекше назарды қажет ететін дарынды бала өнер көрсетті. Жеті мыңнан астам көрермен балалардың өнеріне тамсана куә болды. Жас таланттар «Барыс-Арена» спорт кешенінің сахналық алаңын естен кетпес ерекше атмосфераға бөлеп, жиналған қауымға мерекелік көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Олар өздерінің шексіз шығармашылық мүмкіндіктерін, ерік-жігерін, өр рухы мен ертеңге деген сенімдерін паш етті. «Жұлдызай» фестивалі барлық талантты және өз мақсаттарына сенімді, арманға қанат қаққан балаларды үлкен бір отбасына жинады. Олардың осындай үлкен командаға жиналуына күш салып, аталмыш шығармашылық фестивальдің өтуіне  тікелей жетекшілік еткен қайырымдылық қорының еңбегі. Қатысушылар талант пен  арманға деген құлшыныс бар кезде ешқандай мүмкіндікке шектеу қойылмайтынын биылғы жылы тағы бір мәрте дәлелдеді.

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 

Зал плакал... ..А мое сердце рыдало от бессилия помочь этим детям.. Это невероятное выступление передало всю боль и безысходность особенных детей. «Я закрыл глаза, сердце на замок. Думать нету сил, глаза не видят солнца..» Мы стараемся воодушевить таких детей, на Жулдызай как 9-летний Айбын с Шымкента и 12-летний Надир с Алматы, но на самом деле это Они воодушевляют нас. Осы өлеңді тыңдап, әрбір сөзін ұғынып, көз жасымды тоқтата алмадым. Мыңдап жиналған көрермендер де көз жасын ағызды. Осындай өлеңді таңдап, орындаған Шымкент пен Алматының 9 және 12 жасар балаларын көргенде, эмоциясыз қалу мүмкін емес..

Публикация от Aidyn Rakhimbayev (@rakhimbaevaidyn)

Дайындаған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір