04 Маусым, 2019 NEWS
"Рахат" фабрикасы су энергиясына көшеді
5 маусым күні Қазақстанда Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні аталып өтеді.
Эколог мамандардың деректеріне сүйенсек, ауадағы зиянды қоспалардың рұқсат етілген шегінен асуы бойынша Алматы қаласы бірінші орында тұр. «Рахат» кондитерлік өнімдер фабрикасының Басқарма төрағасы Федорец Константин бұл жағдайды өзгертуге болады деп есептейді деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
2019 жылдың қаңтар айынан бастап «Рахат» компаниясы Талғар гидроэлектрстанциясынан электр энергиясын сатып алу туралы келісім-шарт жасасып, қазіргі уақытта ГЭС су энергиясын тұтынып отырған ең ірі компаниялардың біріне айналды. Биылғы жылдың төрт айы ішінде фабрика 2 257 501 Квт электр энергиясын сатып алып, кәсіпорын фабрикасының ішінара ЭҚЖК көшуін қамтамасыз етті.
«Компания үшін қоршаған ортаның тазалығын сақтау және экологияның жақсаруына үлес қосу өте маңызды. Дегенмен, кәсіпорын өнеркәсіп объектісі болғандықтан, қоршаған ортаға лас заттарды шығаруға мәжбүр. Осы жауапкершілігімізді біле тұра, біз өз тарапымыздан бірқатар алдын алу шараларын өткіземіз, соның бірі - Талғар ГЭС-ымен серіктес болдық. Біз энергияның қайта жаңғыртылатын көздерін тұтынуға техникалық тұрғыдан көшу үшін 30 миллион теңгеден астам қаражат жұмсадық және бұдан кейін де жасыл энергетикаға құйылатын инвестициялар көлемін ұлғайта бермекпіз», - деді «Рахат-Lotte» АҚ басқарма төрағасы Константин Федорец.
Оған қоса, фабрика осымен бірнеше жыл қатарынан өз аумағындағы қалдықтарды бөліп жинап келеді. Бұл қалдықтарды өзге ұйымдар қайта өңдеуге алып кетеді. Ал компания қызметкерлерінен құрылған еріктілер ұйымы жыл сайын Алматы қаласында көшеттер егумен айналысады. «Рахат» компаниясының штатындағы экологтар қызметі атмосфералық ауаға зиянды заттарды шығару нормативтерін ұстануды қатаң қадағалап отырады.
ЭҚЖК жүйелі көшу және табиғаттың экологиялық бүтінділігін сақтап қалу бойынша өзге шаралар компанияның басты акционері Lotte Confectionery компаниясының да саясатының бір бөлігі болып табылады. Кореялық конгломерат жергілікті компаниялармен бірлесе отырып, дүние жүзінде атмосфераға СО2 шығаруды азайту және өндірістік алаңдарда энергия тұтынуды үнемдеу бойынша шаралар өткізеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір