• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 16:41:19
Алматы
+35°

04 Маусым, 2019 Әлеумет

Жасалған жоспарды ешкімге айтуға болмайды. Неге?

Барлық адам жеке қалғанда немесе ойланған уақытта өзінің алдағы күндерінде, болашақтағы өмірін жоспарлайды. Сол жоспарға орай мақсат құрады. Мақсаттарына сәйкес нақты қадам жасау арқылы жетістігіне жақындай түседі. Дегенмен, сол өз санаңыздағы жоспарларыңыз туралы ешкімге айтуға болмайды. Неліктен? Егер сізді бұл дүние қызықтырса, әрі қарай оқыңыздар.

 

 

Өз жоспарларыңызды құпия ұстаудың маңызы қанша? Бір ай ішінде қалай роман жазып шығуға болады? Егер өзіңді күн сайын фотоға түсірсең, өміріңде не өзгереді?

Бұл сұрақтарға кәсіпкер Дерек Сиверс пен Google компаниясының инженері Мэтт Катс жауап берген.

  • "Әрбір адамда өзінің өмірінде маңызды рөл ойнайтын басты мақсаттары бар. Бір секундқа ойланыңыздар. Әрі қарай оқуды жалғастырмас бұрын сізге өзіңіздің өмірлік мақсатыңызды сезіну қажет. Елестетіңіз! Сіз өзіңіздің өмірлік мақсатыңызды айқындадыңыз және оны дәл қазір жүзеге асыруға дайынсыз. Тағы да елестетіңіз! Сіз сол айқын мақсатыңызды бүгін біреуге айтуға асығасыз. Ойлаңыз! Өзгелердің, бәлкім, достарыңыз бен жақындарыңыздың қуанышы, сізді құттықтауы жағымды ғой?! Сіз осы арқылы өз мақсатыңызды өміріңіздің маңызды бөлшегі екенін сезінесіз және енді бір қадам жасасаңыз барлығына қол жеткізгелі тұрмын деп ойлайсыз", - дейді CD Baby атты ірі музыкалық сайттың негізін қалаушы Дерек Сиверс.

Ол неге жоғарыдағы тақырыпқа орай мұндай сөз айтты? Мүмкіндігімізше талдап көрейік.

Дерек Сиверс жоғарыда айтқан сөзінде мақсатыңызды жалпақ жұртқа жайып салғанда адамның қандай әсер алатынын жеткізді. Бірақ осы әсер сізге жоспарыңызды іске асыру барысында біршама кедергілер келтірмек. Ол қандай кедергі?

Сізге барлығын құпия ұстаған қолайлы болар еді. Енді алдағы уақытта сол жағымды әсер сіздің әрбір кішкене жетістіктеріңізге қуана алмайтын жағдайға жеткізеді. Өйткені, сіз өз жоспарыңызды өзгеге айту арқылы өзіңізді жетістік шыңына шығып қойған адам ретінде елестетіп аласыз.

Егер сіздің өмірлік мақсатыңыз айқын болса, онда қазірден бастап қызмет еткеніңіз, нақты қадамдар жасағаныңыз жөн. Сол бағытта белгілі бір жолды басып өтіп, белгілі бір деңгейдегі жетістікке қол жеткізу қажет. Сол кезде өзіңіздің ойыңызға алған және сол бағыт бойынша ісіңізде жүзеге асу үдерісі жүріп жатқанда өзгеге сол туралы сыр шертер болсаңыз, бұл дүниенің маңызы басқа. Ол кездегі өзгелердің қуанышы, құттықтауы сіздің психологияңызға қатты әсер ете қоймайды. Неліктен олай?

Өйткені, сіз қызметтің аурасына кіріп, өзіңіздің жүзеге асып жатқан мақсатыңыздың жемісін жеу үшін қыруар тірлік атқару қажет екенін түсінесіз және бұл үлкен жауапкершілік екенін аңғарасыз. Содан кейін өзгенің эмоциясына сіз салқынқандылық таныта аласыз. Міне – құпияның кілті.

Мэтт Катс – Google компаниясының іздеу қызметіне жауап беретін инженерлердің бір. Ол өзінің баяндамаларында адам өз өмірін қалай өзгертуге болатыны туралы айтады және өзі қолданып, нәтиже шығарған тәжірибесі туралы айтады.

Сіздің бойыңызға сіңіргіңіз келетін және арылғыңыз келетін қасиеттеріңіз бар ма? Бұл қасиеттерді игеру ешқандай арман емес, тек қана тұрақты әрі жалқаулыққа бой бермей еңбек ету керек. Мэтт Катс 30 күн ішінде кез-келген қасиетті игере алатын тәжірибесі туралы сөз етеді. Бұл қандай тәжірибе екенін білгіңіз келе ме?

  • "Бірнеше жыл бұрын маған өмір соншалықты керемет болып көрінді. Содан кейін мен америкалық ұлы философ Морган Сперлоктың тәжірибелерін қолдана отырып, бір айда өзіме пайдалы дүниелермен айналысуды жөн көрдім. Идея өте қарапайым. Алдымен өзіңіздің өміріңізге не енгізгіңіз келетіні туралы ойланыңыз. Сосын сол әрекеттерді 30 күн бойы қайталап жүріңіз", - дейді алып компанияның инженері Мэтт Катс.

Оның айтуынша, 30 күндік айналым – барлық әрекеттерге бой үйретуге жеткілікті уақыт. Мысалы, сіз бей-берекет фильмдер немесе телебағдарламалар қарауға, шылым шегу мен тұрақты түрде алкогольді заттар қолдануға тәуелді болсаңыз, 30 күн бойы қиындықпен бұл нәрселерге жоламау арқылы өзіңізді өзіңіз тәрбиелеп шығасыз.

Мысалы, сіз өз денсаулығыңызға алаңдайтын болсаңыз, 30 күн бойы таңертең жүгіру арқылы пайдалы әрекетті әдетке айналдырып аласыз. Сондай-ақ, артық салмақтан арылғыңыз келсе, күнделікті қолданатын ас мәзіріңізден калориялық мөлшері үлкен тағамдарды алып тастаңыз. 30 күн ішінде өз бойыңыздан өзгеріс байқайсыз.

Сонымен қатар, тәжірибені сапалы орындап, күн сайын ерік-жігеріңізді арттырып отыру үшін күніне бір фотодан жасап отырыңыз. Өзіңізді сыртыңыздан қарау арқылы келесі күні де үлкен өзгеріске жасап келе жатқан қадамыңыздан жаңылмайсыз.

Кэтт Матс өзінің 30 күндік тәжірибесінің нәтижелері туралы былай дейді:

  • "30 күн ішінде мен кеңсе адамынан өзге адамға айнала бастадым: көшеде велосипедпен жүретін жігітке, өзінің әрбір ісінен ләззат ала білетін адамға айналдым. Өткен жылы Африкадағы ең биік таулардың бірі Килиманджаро шыңын бағындырдым. 30 күндік тәжірибені қолданбаған уақыттарда өзгешелікті мұнша іздемейтін едім. Қазір бірсарынды өмір сүруге мүлде құлқым жоқ. Күн сайын алабөтен дүниелерді жасағым келіп тұрады".

Егер саған бір дүниені жасау соншалықты қиын болса да, оны 30 күн ішінде жүзеге асыруға әбден болады. Мысалы, әр жылдың күзінде жазушылар өздерінің жаңа шығармаларын жазуға отырады. Олар 50 мың сөзден жоғары тұратын романдарын жазу үшін өздеріне үлкен уақыт жұмсап жатады. Сіз де өзіңіздің шығармашылығыңызды шыңдап, өз жазуыңызды қалдырғыңыз келеді ғой, иә?!

Әрине, жазушылық барлығына бірдей берілетін талант емес. Дегенмен, мыңдаған данамен баспадан шығарып, сөреге самсатып қою мақсатында емес, өзіндік ғұмырнама ретінде роман жазуға ешкім қарсы бола қоймас.

50 мың сөзден тұратын роман жазуға бет бұрдыңыз делік. 50 мың сөзді 30 күн ішінде бітіру үшін күніне 1667 сөзден жазып отыру қажет екен. электронды қағаздың стандартарына сай жазсаңыз бұл сөздер саны 4-5 бетке еркін сияды. Ал оған кететін уақыт шамамен 30-45 минут әрі кеткенде бір сағат. Демек, роман жазу да аса бір қиын шаруалардың қатарына жатпайды.

Адам өмірі бірсарындылықты ұнатпайды. Егер өз өміріңізді өзгерткіңіз келсе, бүгіннен бастап әрекет етіңіз. Өзіңізге қатаң талаптар қойыңыз және оны мүмкіндігінше бұзбауға тырысыңыз. Сонда ғана өз қалаған межеңізге жетіп, өмірден ләззат ала аласыз.

Автор: Жұлдыз Мұқанова

Author

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір