• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

16 Сәуір, 20:08:51
Алматы
+35°

04 Маусым, 2019 NEWS

Авто шеруге шыққан "болашақ офицерлер" жазаланбайды, ал мектеп басшысы... (видео)

Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектебінің директоры желіде аталған мектеп түлектернің қымбат көліктерден құралған авто шеруінің видеосы пайда болғаннан кейін жұмысынан босатылды.

Алматыдағы Бауыржан Момышұлы атындағы республикалық әскери мектебінің директоры желіде аталған мектеп түлектернің қымбат көліктерден құралған авто шеруінің видеосы пайда болғаннан кейін жұмысынан босатылды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі Tengrinews.kz сайтының тілшілеріне ресми мәлімдеген деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Желіге жүктелген аталмыш видеода  "Жас Ұлан" мектебінің түлектері шетелдің қымбат көліктерімен авто шеру ұйымдастырған. Әскери киім киген түлектер 20-дан аса автокөлікке мініп, қолдарындағы смартфонмен көлік терезесінен шығып өз-өздерін түсірген. Видеодағы бұл көрініс желі қолданушыларның ызасын тудырып, олар болашақ офицерлерге түрлі сыни пікірлер жазған.

Қорғаныс министрлігінің кадрлар және әскери дайындық департаментінің бастығы Қайрат Көпбаевтың айтуынша, бұл видеоға қатысты тергеу жүргізілді.

«Сөз жоқ, бұл видео тек қоғамда ғана емес, біздің, яғни, әскери адамдардың арасында да теріс көзқарас туғызды. Бұл дәл осындай беделді мектепті бітірген түлектердің бұл жеңіл ойлы іс-әркетері күтпеген жағдай. Біз бұндай жағдай үшін үлкен өкініш білдіреміз. Қымбат шетелдік көліктер ата-аналардың бастамаларымен  жалға алғанын  атап өту керек. Олардың мұндай бастамаларына мектептің қатысы жоқ. Қоғамда бұл жағдайға байланысты теріс пікір туғаны түсінікті. "Жас Ұлан" мектебі болашақ офицерлерді жоғары патриотизм рухында тәрбиелейді, мұнда әскери іс-әрекетті тереңдете, зерделей отырып оқытылады, сондықтан бұл жерде темірдей тәртіп болғаны қажет. Бұлар болашақ офицерлер, сондықтан әскери өмірде мұндай әрекеттерге жол берілмейді", - деп түсіндірді Көпбаев.

"Бұл жағдайды оқу орнында тәртіптің әлсіреуі және жалпы басқару жағдайындағы  білім беру жұмысының нашарлығының нәтижесі деуге болады. Сол себепті бүгінгі күні әскери мектептің бастығы подполковник Жабағин және оның екі орынбасары өз лауазымынан босатылды", - деді ол.

Көпбаев сондай-ақ, қымбат автокөліктердің жүргізушілерінің әрекеттері әкімшілік құқық бұзушылыққа жататынан атап өтті. Қазіргі уақытта олардың жауапкершілігі туралы мәселе шешілуде. Ал түлектерге ешқандай жаза қолданылмайды. Оларға тек профилактикалық жұмыстар жүргізілген.

Түлектердің бірінің анасының айтуынша, ата-аналар балаларына тосын сый жасамақ болған, бірақ қымбат автокөліктерден құралған авто шеру қоғамда осыншалықты резонанс туғызады деп ойламаған Қымбат автокөліктердің жалға алынғанынан түлектер де, оқытушы-офицерлер де бейхабар болыпты.

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір