• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
22 Тамыз, 15:55:30
Сенім үдесінен шыққан банк

04 Маусым, 2019

"Оян, қазақ" атты ән жарыққа шықты

Әннің сөзін Ринат Зайытов, әнін Ұшқын Жамалбек жазған. Ал аталмыш әнді Қуаныш Алтыбаев орындайды. 

"Оян, қазақ" атты ән жарыққа шықты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. Әннің сөзін Ринат Зайытов, әнін Ұшқын Жамалбек жазған. Ал аталмыш әнді Қуаныш Алтыбаев орындайды. 

Жат қолында кетпеу үшін жағамыз,
Жауға олжа болмау үшін даламыз. 
Оян, қазақ, деп ұрандап қашанда
Сын сағатта атқа қонған бабамыз
Біз қалайша бүгін қалғып қаламыз!?

Оян, қазақ, оянатын күн туды,
Оян, қазақ, оят барлық жұртымды.
Оян, қазақ, оянбасаң болмайды
Отан үшін ұйқыңды қи бір түнгі.

Азат өмір бастау үшін жаңадан, 
Табанымыз талай-талай қанаған. 
Ит өмірге иілмейтін ешқашан
Қазақ деген сертке берік абадан
Құл болам деп туған жоқпыз анадан.

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір