• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 11:39:58
Алматы
+35°

05 Маусым, 2019 NEWS

Туған жеріне демалысқа келген түрікменстандық 4 студент әуәжайдан тікелей әскерге кетті деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі “Хроники Туркменистана” сайтына сілтеме жасап.

Жас жігіттер 1-маусым күні Түркиядан ұшып келді. 2 жігіт Байрамали қаласынан болса, қалған 2 ер адам Лебап уәлаятының тумасы. Ашхабадтың халықаралық әуәжайын балаларын күткен ата-аналар оларды көре алмады.

3-маусым күні әртүрлі инстанцияларға жүгінген ата-аналар таныстары арқылы балаларын Ашхабад әскери гарнизонына алып кеткені туралы естіді. Жас жігіттерді “әскерден қашқандар” деп горнизонға орналастырды.

Әуәжайдағы төлқұжат тексерісінен кейін, оларды бірден 3 сағатқа созылған тергеуге алып кетті. Одан кейін, Ашхабад әскери гарнизонының офицері жас жігіттердің Түрікменстан қарулы күштері қатарына шақырылғаны туралы хабарлады.

Бұл шетелдік жоғары оқу орындарынан демалысқа келген студенттердің әскерге алып кету жағдайы бірінші емес. Оларға оқуын аяқтауға мүмкіндік берілмейді. Әртүрлі дереккөздердің айтуынша, түрікмен әскері офицерлер мен қатардағы жауынгерлерге кадрлық жетіспеушілік көруде.

Аударған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір