• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
23 Тамыз, 00:24:31
Атыраулық «Жасыл ел» сарбаздары облыс аумағын 180 текше метр қоқыстан тазартты

06 Маусым, 2019 Саясат

"Өзгеру керек, өзгерту керек!" – Жас әнші жүйеге қарсы ма? (видео)

Қазақстандық эстрада әншісі Мархаба Сәбидің "Жүйе" атты әні жарыққа шықты.

Қазақстандық эстрада әншісі Мархаба Сәбидің "Жүйе" атты жаңа әні жарыққа шықты деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі. 

Жас әншінің "Жүйе" әнінің сөзін өзі, ал әуенін Сәкен Мұсағалиев деген жас сазгер жазған.Әннің мәтіні төмендегідей:

 

Қате жүйе, қисық жүйе,

Ағал-жағал, күйе-күйе.

Қате жүйе, қисық жүйе,

Адамға жау, дүлей бейне.

Мағынасыз дүние, мағынасыз дүние....

 

Келешекте не болмақ, 

Бұл жүйеге бәрі бір,

Кете берсе осылай,

Ертеңгі күн көк түтін.

Ертеңгі күн бұлыңғыр,

Бұлыңғыр, бұлыңғыр....

Қайырмасы:

Өзгеру керек, өзгерту керек!

Ашылып аспан, сүйілсін түнек.

Қорықпау керек, қаймықпау керек!

Үміт біреу-ақ, шарықтау керек.

Шарық-тау кер-ек.....

 

342 ай алдаумен өтіп,

Жоғалған уақыт.

342 ай фейковый арман, 

Фейковый бақыт.

 

Жалыққан адам, зарыққан адам,

Тарыққан адам, қорыққан адам

Көк тиын құның, бес тиын бағаң.

 

Қайырмасы:

Өзгеру керек, өзгерту керек!

Ашылып аспан, сүйілсін түнек.

Қорықпау керек, қаймықпау керек!

Үміт біреу-ақ, шарықтау керек.

Шарық-тау кер-ек.....

 

 

 

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір