• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Қараша, 19:00:32
Алматы
+12°

06 Маусым, 2019 Барлық аймақтар

Білім министрлігіндегі былық: Кеткенің бе, Күләш-ау...

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова вице-министр Эльмира Суханбердиеваы тұтқындағаны үшін отставкаға кету туралы нұсқауды қарастыруда.

Қазақстан Президенті осыған дейін қол астындағы қызметкерлері сыбайлас жемқорлыққа қатысы болса, басшылардың да отставкаға кетуі керектігін айтқан болатын деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Қазір Білім және ғылым министрі Күләш Шамшидинова вице-министр Эльмира Суханбердиеваны қамауға алғаны үшін отставкаға кету туралы нұсқаны қарастыруда.

–Әзірше әліптің артын бағу керек, бәрін уақыт көрсетеді. Президенттің соңғы нұсқауына сенер болсақ, отставкаға кетуім де мүмкін,- дейді министр.

Министр шынымен де "Суханбердиеваны сот кінәлі" деп тапса, қызмет орнын босата ма екен?"

Айыпталушыға қатысты әлі нақты айыптар ашық  айтылған жоқ. Айта кетейік, Суханбердиеваны Ұлттық Бюро тұтқындаған.

Ұлттық экономика министр Руслан Даленов те мамыр айының соңында қызметкері Алсанбек Жақыповқа қарсы іс қозғалғанда, ол "қызметін тастап кетемін" деп сөз айтты.

–Орталықта да, өңірлерде де бірінші басшылар өздерінің бағыныштыларына жемқорлық үшін жауапты болады, сонымен бірге іс-шараларды емес, кешенді және жүйелі профилактикалық тетіктерді әзірлеу қажет, – деген болатын  мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Аударған: Бек Байтас

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір