• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 17:20:49
Алматы
+35°

07 Маусым, 2019

Әблязов ұрлаған 6,6 млн доллар Қазақстанға қайтарылмақ

Арыз қанағаттандырылған соң ортақ талапкерлерге Құсайынованың 6,6 млн долларға бағаланатын Фэрфакс және Александрия аумағында орналасқан жылжымайтын мүлігін ұстап тұру құқығы берілді.

2019 жылдың 28 мамырында өткен АҚШ-тың Вирджиния штатының Фэрфакс округтік соты Мұхтар Әбілязовтың әпкесі Г.Құсайыноваға қарсы бірлескен "БТА Банкі" АҚ және Сыртқы басқарушылар пайдасына 6,598,313 АҚШ доллары мөлшеріндегі активтерді қалпына келтіру туралы шешім шығарды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі "БТА Банкі" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Арыз олигарх Мұхтар Әблязовтың туған әпкесі – Гаухар Құсайыноваға қатысты қаралған.

Арыз сотқа 2016 жылдың маусым айында берілген екен. Талаптарда Құсайыноваға қатысты шығынды өтеу және БТА-ның өзге де талаптарын қанағаттандыру туралы көрсетілген.

Сот Әблязовқа активтерді ұрлауға көмектесу жөніндегі әрекеттерді заңсыз деп таныды.

"Әблязов БТА-ға қарсы басқа да алаяқтық әрекеттермен қатар, БТА-дан ұрланған ақша қаражатының 6 млн доллар көлеміндегі бөлігін Құсайыноваға заңсыз жолмен жіберген. Алынған ақша қаражатын Құсайынова жеке мақсатта, соның ішінде АҚШ-та бірнеше люкс жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алуға пайдаланған", - делінген қаржы ұйымының хабарламасында.

Іс 2016 жылы қудалауда жүрген кәсіпкердің активтерін "сыртқы басқарушылар" Джон Милсом мен Дэвид Стэндиш сотқа осыған ұқсас талаптармен жүгінген соң біріктірілді.

Арыз қанағаттандырылған соң ортақ талапкерлерге Құсайынованың 6,6 млн долларға бағаланатын Фэрфакс және Александрия аумағында орналасқан жылжымайтын мүлігін ұстап тұру құқығы берілді.

Көрсетілгендей, БТА Банкінің пайдасына қабылданған бұл шешім – Әблязов ұрлаған активтерді қайтару бойынша тағы бір маңызды қадам.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір