• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:44:44
Алматы
+12°

07 Маусым, 2019

Өңірлерді дамытуға қанша қаражат бөлінді?

Ақмола облысының және Нұр-Сұлтан қаласының маңындағы инфраструктураны дамытуға 30 млрд теңге қаражат шығындау көзделген.

Биыл мемлекет өңірлерді дамытуға 323,7 млрд теңге бөліп отыр. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінде айтылды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі LS сайтына сілтеме жасап.

Оның ішінде 250,2 млрд теңге республикалық бюджеттен қарастырылған. 60,3 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен. Ал қалған 13,2 млрд теңге қаражат кәсіпорындардан тартылмақ.

Ұлттық экономика министрлігінде аталған қаражаттың түрлі бағыттар бойынша игерілетіні аталды.

Биылғы бөлінгелі тұрған ақшаның басым бөлігі ауылдық аймақтар мен кент, кіші қалалардағы су жүйесін, ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге бағытталып отыр. Нақты айтсақ, бұл бағытқа 141,2 млрд теңге жұмсалмақшы.

Сондай-ақ, облыс орталығына айналған Түркістан қаласында қызметтік тұрғын жайлар мен әкімшілік ғимараттарды салу үшін 16 млрд теңге қаражат бөліп отыр.

Арнайы жобалар да өңірлерді дамытуға бағытталған қаражаттан тысқары қалмады. "Дипломмен ауылға" жобасын әрі қарай дамыту үшін аталған жалпы соманың 14,8 млрд теңгесі қарастырылды. Ал "Ауыл – ел бесігі" арнайы жобасының жоспарларын жүзеге асыру үшін 30 млрд теңге қаржы жұмсалмақ.

Айта кету керек, Ұлттық экономика министрлігінің жобаларды жүзеге асыру бағытына қомақты қаражат бөлу науқаны 2015 жылдан басталған. Аяқталу мерзімі 2020 жылға жоспарланған. 2015-2018 жылдар аралығында 1,426 трлн теңге қаражат бөлінді. Бұл көлемнің 99,1 пайызы, яғни, 1,413 трлн теңгесі игеріліпті-мыс.

иллюстрация

Атап айтар болсақ, 1,426 трлн теңгенің 529,4 млрд теңгесі республикалық бюджеттен, 588,4 млрд теңгесі Ұлттық қордан, 230,5 млрд теңгесі жергілікті бюджеттен, 78,5 млрд теңгесі кәсіпорындардан алынған.

Әділет Мәдениет

Автормен оның Facebook парақшасы арқылы хабарласуға болады.

Жазылыңыз

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір