• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 23:41:57
Алматы
+35°

07 Маусым, 2019 Барлық аймақтар

Заңсыз қару сатқан қылмыстық топ ұсталды

Олар ұзақ уақыт бойы криминалды атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан

Алматы қаласы мен Алматы облысының тұрғындарынан тұратын қылмыстық топтың заңсыз әрекетінің жолын кесті,  деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі ҰҚК баспасөз қызметі.

Олар ұзақ уақыт бойы криминалды атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатумен айналысқан.

Оружие собирали в кустарной мастерской

2019 жылғы 5 маусымда ҰҚК «А» арнаулы мақсаттағы қызметін тартумен ірі ауқымды арнайы операция жүргізілді, оның барысында осы қылмыстық топтың 6 қатысушысы ұсталды. 

Тінту жүргізу кезінде 3 гранатаатқыш, 2 «Калашников»   автоматы, 5 пистолет, 3 бәсеңдеткіш, оптикалық көздеуіш, сондай-ақ әртүрлі калибрдағы 1400 бірлік патрон табылып, алынды. 

Фигуранттардың бірінің тұрғылықты жері бойынша қаруды жинау және қайта жасау үшін арналған жасырын шеберхана, сондай-ақ көп мөлшерде әртүрлі құрамдас бөліктер (ұңғылар, оқжатарлар, тұтқалар, бекіту тетіктері мен басқалары) табылды. Одан басқа, қолдан жасалатын жарылғыш құрылғыларды жасау үшін компоненттер (селитра, жарылғыш дәрі және  басқалары) алынды.  

Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, оның шеңберінде тергеу осы топтың әрекетіне қатысы бар барлық адамдарды, оның ішінде криминалды қаруды сатып алушыларды анықтайды. 

Ұсынған: Ильдар Адильченов

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Алматы ҰҚК қару

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір