• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 18:57:04
Алматы
+35°

07 Маусым, 2019 Экономика

Қазақстанның алтын қоры 5 тоннаға толықты: қайдан келді және қайда барады?

Қазақстанның алтын қоры соңғы бес ай ішінде 6,1 пайызға, яғни 21,2 тоннаға толықты.

Алтын ісі бойынша Бүкіләлемдік кеңестің (WGC) мәліметіне сүйенсек, құнды металлдың 1-маусымдағы көлемі 366,6 тоннаны құраған. 1-мамыр күні бұл көрсеткіштің көлемі 361,7 тонна болған. Демек, бір ай ішінде еліміздің алтын қоры 5 тоннаға толыққан. 

Дәл қазір Қазақстан алтын қоры бойынша әлемде 14-орында тұр. Алғашқы үштікті АҚШ, Италия және Германия түйіндеп тұр.

АҚШ-тың жалпы алтын қорындағы құнды металл көлемі – 8,1 мың тоннаны, Германияда 3,3 мың тоннаны, Италияда 2,4 мың тоннаны құрайды. Ал Ресей бұл тізімде 2,2 мың тонна алтынымен 5-орынға ығысқан. Қытайдың қоржынындағы 1,9 мың тонна алтын алтыншы орынды еншілепті.

Биыл шетелдік компаниялар Қазақстаннан алтын іздеу үшін 2 миллиард теңгеден астам инвестиция салуды жоспарлап отыр. Қазақстанның алтын резерві 2015 жылдың 1-мамырындағы көрсеткішпен салыстырғанда 1,6 млрд долларға азайған.

 

алтын

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір