07 Маусым, 2019 Саясат
Қазақстандағы президент сайлауына Еуропарламент бақылаушылары неліктен шақырылмады?
Еуропа парламенті Қазақстандағы сайлау үрдісіне бақылау жүргізбейді, сол себепті сайлау процесін, одан кейін жарияланатын сайлау нәтижелеріне байланысты түсініктеме бермейді
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі елдегі кезектен тыс президент сайлауына Еуропарламент бақылаушыларын не себепті шақырмайтынын түсіндірді деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz сілтеме жасап.
"23 мамырдан 26 мамырға дейін Еуропарламентке сайлау өтті. Қазір заң шығарушы органның жаңа құрамы қалыптасуда. Сол себепті Еуропарламент өкілдері ҚР кезектен тыс президент сайлауына бақылаушы ретінде шақырылмады ", – деп түсіндірді ҚР Сыртқы істер министрлігінің өкілдері.
"Еуропа парламенті Қазақстандағы сайлау үрдісіне бақылау жүргізбейді, сол себепті сайлау процесін, одан кейін жарияланатын сайлау нәтижелеріне байланысты түсініктеме бермейді", – делінеді Еуропарламент мәлімдемесінде.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір