• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

29 Наурыз, 11:17:16
Алматы
+35°

07 Маусым, 2019 Барлық аймақтар

Бір жарым жасар қыз ваннада қайтыс болды

Анасының ол уақытта қайда болғаны да анықталуда. Қайғылы оқиға кезінде үйде баланың әкесі болған

Қарағандыда бір жарым жасар қыз ваннаға тұншығып қайтыс болды. Полицейлер қазір тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме бере отырып. 

Сондай-ақ анасының ол уақытта қайда болғаны да анықталуда. Қайғылы оқиға кезінде үйде баланың әкесі болған. Қарағандыда 30 жастағы ер адам бір жасар қызын су толтырылған ваннада жалғыз қалдырып, өзі асүйге кеткен. Осы кезде сәби суға батып кетіпті. Ер адам қайтып келгенде, қызының жансыз жатқанын көрген. 

«Бұл факті ҚК-нің 141-бабы 2-бөлімі бойынша (Абайсызда бала өліміне әкеп соқтырған балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді тиісінше орындамау) тіркелді. Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сараптама тағайындалды», - деп мәлімдеді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінде

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір