• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 06:16:40
Алматы
+35°

08 Маусым, 2019 Ән-күй

Журналист "Муз-ТВ 2019"-дың арнайы қонағы Димашты Джованмен шатастырып алды (видео)

Димаш Құдайберген мен Ержан Максим «МУЗ-ТВ 2019 сыйлығы» кешінің арнайы қонағы болды

Ресейде өткен Муз-ТВ 2019 сыйлығының кешінде Димашты жүргізуші басқа біреумен шатастырып алды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Видеоның 41-нші минутында кештің тұсауын кесу үшін арнайы қонақ ретінде шақырылған Димашты тікелей эфирде жүргізіп тұрған жүргізуші Джован есімді өзге біреумен шатастырып алды. Қатесін түсінген журналист қателігін жуып-шаймақшы болып іле-шала көрермендерден кешірім сұрады. Сөйтіп, "Бұл Қазақстаннан арнайы шақырылған қонақ. Сіздерге оны таныстырамын деп уәде бердім бе, демек, қазір таныстырамын" деп  өзінің ыңғайсыз жағдайға қалғанын түсіне қойды.

Одан әрі "негізі Муз-Тв шетелдік қонақтарға мұқтаж еместігін ескерткен. Бірақ Қазақстан бізге  жақын, әрі Муз-Тв сыйлығы бір рет Қазақстанда өткендіктен, Димаш өзін үйінде жүргендей сезініп тұрған болар" деп сөзді басқа арнаға бұрып жіберді. Димашты қызыл кілемнен шығарып салып жатып Димашты тағы да Джован деген жүргізушінің сауатсыздығына қапаланған Димаштың жанкүйерлері түрлі жағымсыз пікір қалдырып, Димаш таныстыруды қажет етпейді деп, оны қашан да, қалай да қолдайтындарын білдіріп, жүрекжарды пікірлер қалдырып жатыр. 

Бұған дейін де Димашқа қатысты түрлі келеңсіз жайттар орын алған болатын: бірде микрофоны істен шықса, енді бірде Димаш фандарын құлға теңеген еді. Енді осы жолы Димашты Ресейде не күтеді?

 

Оқи отырыңыз, ♦Ержан Максим «МУЗ-ТВ 2019 сыйлығы» кешінде ағылшын тілінде ән орындады (видео)

Димаш «МУЗ-ТВ 2019 сыйлығы» кешінде керемет өнер көрсетті (видео)

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір