• USD 378.65
  • EUR 430.07
  • RUB 6
  • CNY 55.1
20 Тамыз, 04:25:37
Abyroikz ұлттық киімдер дүкендері желісінің басшысы: Сапалы адамнан ғана сапалы өнім шығады

09 Маусым, 2019 Спорт

25 миллион бұйырған "Қазақстан барысы - 2019" жеңімпазы анықталды (видео)

Елордада өткен қазақша күрестен "Қазақстан барысы – 2019" турнирінің жеңімпазы анықталды

Жарыста еліміздің түкпір-түкпірінен 33 балуан бақ сынасты деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

Финалдық белдесуде шығысқазақстандық Айбек Нұғымаров жерлесі Ерасыл Қажыбаевты таза жеңіп, екі дүркін "Қазақстан барысы" атанды.  

Еске салсақ, Айбек Нұғымаров 2013 жылы да жеңіске жеткен еді.

Кіл мықтылар бақ сынасқан жарыс елорданың «Барыс-Арена» спорт кешенінде өтті.

Жеңімпаз 25 миллион теңге, ал бапкері 3,5 миллион алады. Одан бөлек, оларға алтын белбеу мен алтыннан құйылған ауыспалы "Тайтұяқ" табыс етіледі.

Екінші орын алған балуанға 5 миллион 500 мың теңге, үшінші орын алған спортшыға 1 миллион 800 мың теңге беріледі. Сонымен қатар, палуандар әр жеңісі үшін 100 мың теңгеге ие болады.

 

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Баннер

Пікір қалдыру

пікір