• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

23 Сәуір, 18:45:27
Алматы
+35°

Қазақстан Республикасының Президент сайлауының ашық әрі әділ өтуіне, Маңғыстау облысының қоғамдық бірлестіктері және белсенді азаматтардан құралған «Аманат» Азаматтық платформасы құрылды.

«Аманат» алаңының мақсаты- сайлаудың әділ, ашық  өтуіне қоғамдық мониторинг жүргізу. Маңғыстау облысында  сайлаудың барысын 223 тәуелсіз бақылаушы бақылайды. «Аманат» өңірлік штабында барлық бақылаушыларға семинар-тренингтер өтіп, оқытылды. Семинар-тренингтерде бақылаушылардың құқықтары мен олардың міндеттері туралы және сайлау заңнамасының сұрақтары бойынша оқыды.Amanat

«Аманат» Азаматтық платформасының Маңғыстау облысы бойынша құрылған штабының мүшелері аудандар мен қалалардағы сайлау учаскелерінің дайындығын тексерген болатын. Сайлау учаскелерінде дауыс беруге арналған кабиналар, арнайы жәшіктер қойылған. Сайлауға түсіп жатырған   7 кандидаттың бірдей көлемде мәліметтері толықтырылған.

Сондай - ақ сайлау учаскелерінде мүмкіндігі шектеулі азаматтарды сайлауға қатыстыруға толық жағдай жасалған. Олардың жүріп тұруына пандустар орналастырылған.

 

2019 жылдың 9 маусым күні Қазақстан Республикасының Президенті сайлауының ашық әрі әділ өтуіне «Аманат» Азаматтық платформасы өз бақылауын таңғы сағат 06:00-ден бастап кешкі сағат 20:00ге дейін жүргізеді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір