• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Сәуір, 01:15:36
Алматы
+35°

Бүгін Қазақстан тарихы тағы бір жаңа парақпен толығады. Бүгін, ел халқы егеменді мемлекеттің екінші Президентін сайлайды. Таңғы сағат 7:00 ден бастап республикадағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру науқаны басталды  деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауына дауыс беру сағат 20: 00-ге дейін жалғасады. Ел басқаруға үміткер болған жеті кандидат бір ай мерзімінде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, сайлауалды бағдарламасымен таныстырып үлгерді.

Маңызды оқиғаны 2 мыңға жуық шетелдік бақылаушы бақылауға кіріскен. Жалпы, аталған сайлауға 12 миллион қазақстандық қатысады деген болжам бар. Ал, бақылаушылардың дені ел астанасы Нұр-Сұлтанға шоғырланған. Елордалық тұрғындар да белсенділік танытып, таң атқаннан бері сайлау учаскелеріне ағылып жатыр.

Жалпы, бүгін республика бойынша 9920 сайлау учаскесі жұмыс істейтін болады. Ол жерлерде 70 мыңға жуық адам жұмыс істеп жатыр. Шет елде жүрген 15 мың қазақстандық та дауыс беруге ниетті екендерін білдірген. Қазір олар үшін 18 сайлау учаскесі жұмыс істеуде.

«Дауыс берген сайлаушылар туралы ақпарат Орталық сайлау комиссиясына сағат 10да келіп түседі. Әр екі сағат сайын ақпаратты жаңартып отырамыз», - дейді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила МУСТАФИНА.

Биылғы сайлаудың бұрынғыларынан өзгеше екенін байқауға болады. Мәселен, осы жолы шетелдік бақылаушылар мен бұқаралық ақпарат құралдарының саны көп. Дәл қазір науқанды 1013 халықаралық өкіл бақылауда. Ал, Қазақстандағы дауыс беруді насихаттау үшін шетелдік журналистердің рекордтық саны аккредитацияланыпты. 40 мемлекеттен 227 тілші келген. Орталық сайлау комиссиясында ине шаншар орын жоқ.

Сайлаудың тағы бір маңызды ерекшелігі – президенттік сайлауға алғаш рет әйел адам қатысып отыр. Кандидаттардың да саны жетеуге жетті. Олардың барлығына тең жағдай жасалған.

Айта кетейік, кезектен тыс президенттік сайлауға 9,4 млрд теңге бөлінген. Бұл соманың басым бөлігі сайлау учаскелерінде жұмыс істейтін адамдардың жалақысына бағытталды. Ақша Үкіметтің резервінен алынды.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сайлау дауыс

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір