• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

19 Сәуір, 07:53:23
Алматы
+35°

«Аманат» азаматтық платформасының негізгі миссиясы – кезектен тыс Президент сайлауының адал әрі  ашық өтуіне,сондай-ақ сайлау барысы және одан кейінгі ахуалға қоғамдық мониторинг жүргізу.

Қазіргі таңда еліміз бойынша 10 692 бақылаушы, Маңғыстау облысы бойынша 223 тәуелсіз бақылаушы дайындалған. Бақылаушылардың негізгі міндеті-сайлау заңнамасына сәйкес бақылау. Тәуелсіз бақылаушылардың жалпы құрамының  40 пайызын жастар, 60 пайызын орта буын өкілдері құрап отыр.Mangystau

Өңірдегі тәуелсіз бақылаушыларды дайындау «Аманат» Азаматтық алаңы арқылы жүргізіледі. Атқарылған шаралардың нәтижесінде бақылаушылар өз құқықтары мен міндеттеріне оқытылды. «Аманат» алаңының атқарған іс-шаралары туралы өңір тұрғындарын хабардар етуде.
         Маңғыстау облысы БАҚ өкілдеріне өз тұжырымдамасы мен бағыттары жөнінде брифинг өткізіп, баспасөз конференциясын ұйымдастырды.Mangystau

          Сондай-ақ, «Аманат» Азаматтық алаңы Маңғыстау облысы филиалдары бойынша партия кандидаты штабтарына барып кездескен болатын. Кездесудің мақсаты- жаңадан құрылған «Аманат» Азаматтық платформасының тұжырымдамасының 5 негізгі бығаттарымен таныстыру.Mangystau
           Бірінші кезек  «NurOtan» партиясы кандидатының штабынан басталды. Кездесуде «NurOtan» партиясы МОФ-ның төрағасының орынбасары- Есбергенова Звира Түгелқызы жиында үгіт-насихат жұмыстарының жүйелі түрде жүріп жатқандығын, облыс тұрғындарының сайлау алды бағдарлама мен қажетті ақпараттармен қамтамасыз етілгенін айтқан болатын. Өз кезегінде «Аманат» Азаматтық алаңының өңірлік штаб жетекшісі- Жалғасбай Ғалия Тұрарқызы 9-маусым ҚР Президентінің сайлауы әділ өтуінің мақсатында штабтың бағыты мен алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарын таныстырып,өзекті бес бағыт пен бақылаушылардың негізгі миссияларын баяндады.Mangystau
            Екінші кездесу «Қазақстан Коммунистік Халық партиясы» кандидатының штабы болды. Штаб басшысы- Махамбетова Роза Қарымсаққызы  және штаб мүшелеріне алдағы сайлаудың елдің дамуы үшін аса маңызды қадамдардың бірі екендігі айтылды.

Mangystau

 

 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір