• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Сәуір, 19:48:56
Алматы
+35°

09 Маусым, 2019

ҚР ІІМ бас көтеруге қатысты пікір білдірді: заң бұзғандар жауапқа тартылады

Бүгін Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында сайлауға байланысты қалың қаралы халықтың баскөтерулері орын алды. Осы шерулерге қатысты ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары пікір білдірді.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Нұр-Сұлтан мен Алматыдағы митингке орай пікір білдірді, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Іnform.kz сайтына сілтеме жасап.

"Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында Қазақстанда тіркелмеген және сот тыйым салған ҚДТ эстремистік ұйымының үндеуімен алаңдарға бірнеше жүздеген адам шықты. Өздеріңізге де белгілі болып отырғандай, аталған ұйымның қашқын басшысы сайлау қарсаңында елдегі билікті дискредитациялау, кезектен тыс президенттік сайлауға бойкот жариялау бойынша жаппай насихат жұмысын жүргізді. Сайлау кезеңінде қоғамға қарсы іс-әрекеттер жасауға шақырды. Олардың деструктивті шақыруларына қарамастан сайлау жоспарлы режімде өтіп жатыр. Халық өздерінің қалауларын білдіру үшін сайлау учаскелеріне баруда", - деді бірінші вице-министр Орталық сайлау комиссиясында өткен брифингте.

Оның сөзінше, қазіргі таңда қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қадағалау шаралары қабылданып жатыр.

"Барлықтарыңызға белгілі, заңнамамызда кез келген бейбіт жиын, шеру, митинг  өткізу тәртібі нақты жазылған. Заңды талапты сақтамағандар  жауапқа тартылады", - деді Марат Қожаев.



"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір