• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

28 Наурыз, 20:34:17
Алматы
+35°

М.Өтемісұлы атындағы Қазақ академиялық драма театрының 15 əртісі тарихи киімдерді киюді жөн көрді,
Атырау облысында ҚР президент сайлауы жалғасуда. APEC жоғары колледжінде орналасқан #90 сайлау учаскесінде ерекше дауыс беру болды. М.Өтемісұлы атындағы Қазақ академиялық драма театрының 15 əртісі сайлауда өздерінің дауыстарын беру үшін сахналық тарихи киімдерін киіп келді.атырау
- Біздің театр ұжымы сайлауға шығармашылық бағытта қарауды ұйғарды. Біз саяси партияларға бағынышты емеспіз, біз тек бұл сайлаудың маңыздылығын көрсеткіміз келді. Біздің ата-бабаларымыз қазақ мемлекетін құруда көптеген күрестерді басынан өткізді. Ұрпақтары ретінде осыны бағалай білуіміз керек. Осы сайлауға қатыса отырып, Отанымыздың қалыптасуына өз үлесімізді қосамыз деп сенеміз, - дейді театр режиссері Жанат Телтаев.атырау
Сайлау учаскесінде театр əртістері 15 минуттай болып, «Қыз Жібек» қойылымынан əндерді орындады.
- Барлық ұжым дауыс бермеді. Тек қана сол учаскеде тіркелген əртістер дауыс берді. Солардың арасындағы театр актері Нұрбек Сезхан Төлеген образында болды. Қалған əртістер өздерінің тіркелген учаскелерінде дауыстарын берді, - дейді Жанат Телтаев.атырау
Айта кетейік, бүгінгі таңда Атырау облысында дауыс беру тізіміне 409 679 сайлаушылар енгізілген.
Сайлау комиссияларының жалпы саны 271 құрайды, оның ішінде 262-і учаскелік және 9-ы аумақтық (облыстық, қалалық және 7 аудандық).

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір