• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

20 Сәуір, 20:15:42
Алматы
+35°

Назым ҚЫЗАЙБАЙ, бокстан әлем чемпионы:

– Президент сайлауы – егемен еліміздегі тарихи оқиға. Президент сайлауына қызығушылық танытып, өзінің дауысын беру – әрбір қазақстандықтың азаматтық борышы. Туған елінің, туған жерінің бақытты болашағын армандаған әрбір азамат бұл тарихи оқиғаға өзінің азаматтық көзқарасын танытып, үнін қосып, үлкен жауапкершілікпен қарағаны абзал.
Негізі, әрбір азамат өзі үшін дауыс беруі керек. Тәуелсіз еліміздің Президентін сайлауда Қазақстандағы әрбір азаматтың дауысы өте маңызды екенін әрбір азамат ұмытпағаны жөн. Себебі, қазақстандық әрбір азамат өзінің ғана емес, сондай-ақ, отбасының, туған елі мен туған жерінің тағдырына, болашағына байланысты тарихи таңдау жасайды.
Еліміздің тарихи тағдырын тапсыратын, елімізді ұлы мұраттарға жетелейтін Президентті сайлайтын тарихи оқиғаға, әсіресе, келешегіміздің кірпішін қалайтын, еліміздің ертеңін жалғайтын жалынды жастар жағы селқос қарамауы қажет.
Еліміздің тағдырына байланысты бұл тарихи сәтте жастардың жұдырықтай жұмыла Президент сайлауында белсенділік пен бірлік танытып, дауыс беруі жас ұрпақтың адамдық қасиеті, перзенттік парызы саналады. Еліміздің тарихындағы маңызды оқиға болып саналатын Президент сайлауына біз де отбасымызбен бірге келіп, дауыс бердік. Себебі, бұл біздің де Отан алдындағы борышымыз.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір